Меню

Страницы

Статья

Екіжақты қарым-қатынастар

ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

1992 жылы 20 қазанда дипломатиялық қатынастар орнатылды.

2025 ж. бастап Қазақстанның Словениядағы Елшісі Алтай Әбибуллаев болып табылады.

2024 ж. бастап Словенияның ҚР-дағы Елшісі (резиденциясы Мәскеу қ.) A. Сухадольник болып табылады.

 

САЯСИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Аса жоғары деңгейдегі байланыстар:

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Словенияға 2002 ж. ресми мамырда сапармен барды.

2002 ж. Словения Президенті М.Кучан Қазақстанға ресми сапармен барды.

2009 ж. 10-12 қарашада Словения Президенті Д.Тюрк Қазақстанға мемлекеттік сапармен барды.

2010 ж. 1-2 желтоқсанда Словения Президенті Д.Тюрк Астанадағы ЕҚЫҰ Саммитіне қатысу аясында Қазақстанға жұмыс сапармен барды.

2025 ж. 31 наурыз 1 сәуір аралығында Президент НПирц Мусардың Қазақстанға ресми сапары өтті.

Жоғары деңгейдегі байланыстар:

2011 ж. маусымда ҚР Сыртқы істер министрі Е. Қазыханов ИЫҰ СІМ 38-ші СІМ аясында Словения СІМ басшысы С. Жбогармен кездесті.

2013 ж. 13 маусымда РС Премьер-Министрдің орынбасары, Сыртқы істер министрі К.Ерявец экономикалық мәселелер жөніндегі Қазақстан-Словения үкіметаралық комиссиясының екінші отырысына қатысу үшін Астанаға ресми сапармен барды.

2022 ж. 1 желтоқсанда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Б. Тілеуберді Словения Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Т. Файонмен келіссөздер жүргізді.

Сыртқы істер ведомстволары арасындағы консультациялар:

2017 ж. 17 ақпанда Астанада алғашқы Қазақстан-Словен саяси консультациялар өтті. Қазақстандық делегацияны ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Р.Василенко, Словения делегациясын – РС СІМ Мемлекеттік хатшысы Д. Бавдаж Курет басқарды. Консультациялар барысында екіжақты қатынастар мәселелерінің барлық кешені талқыланды.

2018 ж. 10 қыркүйекте Блед қ. (Словения) қазақстан-словен саяси консультацияларының 2-ші раунды өтті. Қазақстандық делегацияны ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Р.Василенко, Словения делегациясын СІМ Мемлекеттік хатшысы И. Логар басқарды. Консультациялар барысында саяси және сауда-экономикалық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ парламентаралық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимыл, денсаулық сақтау, инновациялар және жоғары технологиялар, IT және туризм саласындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселелері талқыланды.

Парламентаралық ынтымақтастық:

2019 ж. 22-23 қыркүйекте Қазақстан-Словения парламенттік достық тобының басшысы, Ұлттық партия Төрағасы, Словения Республикасы Парламенті Ұлттық Ассамблеясының (төменгі палата) депутаты З.Йелинчич және Ұлттық Кеңестің (Жоғарғы палата) депутаты М. Рыбич Еуразия елдері Парламенттері спикерлерінің IV кеңесіне қатысу шеңберінде Астанаға барды.

Дата публикации
15 июля 2025
Дата обновления
24 марта 2026
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Ақпарат
24 марта 2026
Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету
24 марта 2026
Консулдық алымдарды төлеу үшін елшіліктің банктік деректемелері
Ақпарат
24 марта 2026
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары