Қазақстан Словенияның Орталық Азиядағы негізгі сауда-экономикалық серіктесі болып табылады.
2022 ж. Словениядан тікелей шетелдік инвестициялар ағыны - 23,6 млн.
Қазақстан мен Словения арасындағы 2022 ж. екіжақты тауар айналымы -129,7 млн. еуро (экспорт – 54,6 млн., импорт – 75,1 млн. еуро).
2021 ж. тауар айналымы - 72,1 млн. АҚШ доллары, оның ішінде экспорт-9,3 млн., импорт - 62,8 млн.
Словениядан Қазақстанға фармацевтикалық өнімдер, тез кесілетін болат, еритін тағамдық қоспалар, электр жабдықтары, тау-кен техникасы, кеңсе жабдықтары, машина жасау өнімдері, фотоаппараттар мен фотоприборлар, спорттық жабдықтар, тастан жасалған бұйымдар, цемент, жиһаз, киім импортталады.
Қазақстаннан Словенияға феррохром, мақта, темір, болат, фенолокетон және электр жабдықтары экспортталады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда словен капиталының қатысуымен, атап айтқанда фармацевтика, жаңартылатын энергия көздері, инженерия, телекоммуникация салаларында 19 кәсіпорын тіркелген (KRKA, Gorenje, Lek, BisolGroup, DUOL, Iskrat).
Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия екіжақты өзара іс-қимылдың маңызды тетігі болып табылады.
Іскерлік ынтымақтастықты кеңейту мақсатында 2014 ж. желтоқсанда Қазақстан мен Словения кәсіпкерлерінің бастамасымен "Қазақстан-Словения бизнес-клубы" (KSBC) құрылды.
2016 ж. қазан және қараша айларында Марибор және Ново-Горица қалаларында ҚР құрметті консулдықтары ашылды.