
Туризм саласындағы көп жоспарлы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері 2020 жылғы 28 тамызда Лиссабон қаласында Қазақстанның Португалиядағы Елшісі Дәулет Батырашевтың «Turismo de Portugal» Португалия ұлттық туристік агенттігінің президенті Луиш Араужомен өткен кездесуі кезінде талқыланды.
Сұхбат барысында «Kazakh Tourism» АҚ мен Португал агенттігі арасында тікелей өзара әрекеттестік орнату арқылы институционалдық ынтымақтастықты құруына, сондай-ақ екі елдің туристік қауымдастықтары мен компаниялары арасында байланыстарды дамытуына ерекше назар аударылды.
Қазақстандық дипломат, елімізде туризм саласын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлап, саланы дамыту мен ұлттық туристтік өнімді сыртқы нарыққа ілгерілету бойынша португалдық тәжірибемен алмасу мен оны қолдану жөнінде, сондай-ақ бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін мамандандырылған португалдық компанияларды Қазақстанға тартуға қызығушылығын жеткізді.
Кездесу барысында туризмге кадрлар дайындауға мен осы саланы басқарудың заманауи әдістерін енгізуге баса назар аударылды. Қазақстан Елшісі, Орталық Азиядағы түңғыш кәсіби жоғарғы оқу орны – Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті жұмысының басталғаны жөнінде хабардар етіп, португалдық университеттерімен, атап айтқанда Алгарве университетінің Менеджмент, қонақжайлық және туризм жоғарғы мектебімен академиялық байланыстар мен бірлескен білім беру бағдарламаларын дамытуға қызығушылығын білдірді.
Л.Араужо, өз кезегінде, Португалияның туристік саланы қалыптастырудағы бай тәжірибесін атап өтіп, екі ел арасындағы осы саладағы ынтымақтастықтың дамуын құптады және екіжақты келісімге қол қою арқылы «Kazakh Tourism» АҚ-мен өзара әрекеттестік орнатуға дайын екендігін мәлімдеді. Екі елдің мамандандырылған жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндігі үлкен қызығушылықпен қабылданып, португал агенттігінің бірлескен бағдарламалар мен жобаларға дайындығы атап өтілді.
Кездесу барысында коронавирус пандемиясының халықаралық туризмге мен жекелеген елдерге тигізген әсерін еңсеру мәселелері де қарастырылды. Қабылданып жатқан шаралар мен жаңа тәсілдерге қатысты тәжірибе алмасу мен оларды талқылау мақсатында «Kazakh Tourism» АҚ және «Turismo de Portugal» агенттігі басшылығы арасында бейнеконференция өткізу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.
Анықтама үшін: «Turismo de Portugal» агенттігі («Португалияның туризмі») - елдің туризмді дамыту жөніндегі ұлттық органы. Туристтік брендін шетелге ілгерілету, саланы дамыту және қолдау, сонымен қатар инвестицияларды тартуға жауап береді.
Агенттіктің миссиясы:
- Португалияны туристік бағыт ретінде ілгерілету (ресми веб-сайт: Visitportugal.com; 2017 жылғы мамыр айында 20 стратегиялық нарықтарда басталған «Can not Skip Portugal» кампаниясы);
- туристік инфрақұрылымды және салаға инвестицияларды, инновациялық, кәсіпкерлік және туристік стартаптарды, жаңа өнімдерді әзірлеу (техникалық және қаржылық қолдау);
- кадрлар дайындау (өзінің 12 мектебі бар желісі жылына 3 мың студенттерді оқытады. Сондай-ақ, 65 мыңға жуық маман жұмыс кезінде оқыту бағдарламасынан өтеді, ЮНВТО бағдарламаларын жүзеге асырады).
Агенттік туристік бизнес пен туристік қызметті лицензиялауда және рұқсат беруде қатысуда. Кәсіпорындарды санаттарға бөлу және туристік агенттіктер мен туристік ойын-сауық агенттіктерін тіркеу арқылы ұлттық туризм өнімдерін сүйемелдейді.
Португалияның имиджін қалыптастыруға және оның халықаралық нарықтағы танымалдылығын арттыруға ықпал ететін арнайы жарнамалық науқандарды әзірлеуге және өткізуге қатысады.
Агенттіктің шетелде португалдық туризмді насихаттайтын топтары жұмыс істеуде. «Turismo de Portugal» агенттігінің 17 тобы 25 нарықта ұсынылған. Топтар институционалды жарнамаға және португалдық компаниялардың халықаралықтандыруын қолдауға жауап береді.
Қызметі көптеген жетекші рейтингтік ұйымдар және туризм саласындағы марапаттармен атап өтіледі (ЮНВТО; «Turismo de Portugal» - World Travel Awards 2019 ең жақсы ресми туристік ұйым, әлем бойынша 3 жыл қатарынан, Еуропада - 6 жыл қатарынан және т.б. ).