Қазақстандық «жұлдыздар» Португалияда жанды

Қазақстандық «жұлдыздар» Португалияда жанды

Торреш-Новаш, 2024 жылғы 15 шілде - Өткен демалыс күндері, 13 және 14 шілдеде, Фернандо Кунья муниципалды бассейндерінде синхронды жүзуден Португалияның ұлттық жазғы ашық чемпионаты өтті. Жарысқа әлемнің 13 клубының атынан 205 спортшы қатысты.

Қазақстандық «ISSA Synchro Club» клубының спортшылары Альмира Баймаханова мен Карима Закарияның өнер көрсетуі осы чемпионаттың жарқын оқиғасы болды. Осы спорт түрін сүйер қауымның ынта-жігерімен біздің қыздар таң қаларлық шеберлік көрсетіп, жарыстың жүлдегерлері атанып, жалпы командалық есепте екінші орынға ие болды.

Команданың жаттықтырушысы Әйгерім Исаева ҚР Сыртқы істер министрлігіне қолғабыс көрсеткеніне алғыс білдіріп, қазақстандық дипломаттардың чемпионатқа қатысуды ұйымдастыруда қолдауын атап өтті: «Біз өз нәтижемізге өте қуаныштымыз және осы жарыстарға дайындалып, қатысуға ат салысқандардың барлығына шексіз ризамыз. Бұл біздің ортақ жеңісіміз!».

Синхронды жүзуден Португалияның ұлттық жазғы чемпионаты дәстүрлі түрде әлемнің мықты спортшыларын жинайды және оған қатысу баға жетпес тәжірибе жинақтауға және спорттық шеберлікті арттыруға мүмкіндік береді.

Алматы қаласының Көркемдік жүзу федерациясы елімізде көркемдік жүзуді дамытумен және танымал етумен айналысады, спортшыларды қолдап, шеберлік деңгейін арттыруға және халықаралық аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған жарыстар мен іс-шараларды ұйымдастырады.

сілтеме: https://fpnatacao.pt/noticia.php?codigo=4499