«Astana Finance Days» онлайн-конференциясы

«Astana Finance Days» онлайн-конференциясы

29 маусым мен 3 шілде аралығында «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) үшінші рет жыл сайынғы «Astana Finance Days» қаржы конференциясын өткізеді.
Конференция биыл онлайн форматта өтеді. Негізгі тақырыбы – «Құбылмалы әлемдегі нарықтар». Конференция барысында жаһандық экономика, қаржы технологиялары, капитал нарығы, АХҚО құқығы, исламдық қаржы және адам капиталын дамыту секілді тақырыптар көтеріледі.
Сізден 2020 жылдың 25 маусымы, сағат 19:00-ге дейін https://www.astanafindays.org/ru сайты арқылы тіркеуден өтуіңізді сұраймыз.
Тіркелген қатысушылар спикерлерге тікелей эфирде сұрақ қоя алады және спикерлердің сөздерінің жазбасын алады.
Егер қосымша сұрақтар болса, АХҚО баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз.