Мәскеу мен Бейжіңнің арасында тұрғанда орыс және қытай тілдерін түсінген жақсы

Мәскеу мен Бейжіңнің арасында тұрғанда орыс және қытай тілдерін түсінген жақсы

Жарияланған күні: 2020 жылғы 12 маусым

Жарияланымның авторы: Леонидиу Паулу Ферейра, бас редактор «Диариу ди нотисиаш».

 

бейресми ударма

 

«Адам даналы болып туылмайды. Ол көп нәрсені көріп, сынап көргенде ғана данагөй болады», – деп жазды қазақ әдебиетінің ұлы өкілі Абай. Оның 175 жылдық мерейтойы қазір атап өтілуде. Білімін алдымен ислам медресесінде, содан кейін орыс мектебінде алып (бұл патша империясының кезі болған), араб, парсы және басқа да шығыс тілдерінде сөйледі. Әрине, ол да орысшаны біліп, Пушкин сияқты ұлы жазушылардың шығармаларын қазақ тіліне аударған болатын.

Бір жыл бұрын Абай елі жаңа президентті сайлады, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін 1991 жылы тәуелсіздік алған Қазақстанда екінші ғана. Қасым-Жомарт Тоқаевтың қиындықтары туралы түсінікке ие болу үшін Джордж Вашингтоннан кейін Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздігінің атасы болған Джон Адамсты немесе, егер қаласаңыз, Афонсо Энрикуадан кейін тақты мұра еткен кездегі Санчо І-нің ортағасырлық тарихын еске алайық. Ия, Тоқаевтың қос миссиясы бар – ол әлемдегі тоғызыншы ірі елді даму жолында басқару, сондай-ақ, көптеген бұрынғы кеңестік республикаларға, тіпті Орталық Азияға әсер еткен күйзелістерден Қазақстанды сақтап қалған тәуелсіздіктің әкесі мәртебесіне ие Нұрсұлтан Назарбаевтың мұрасын сақтау міндеті тұр.

Мен Қазақстанға бірнеше ай бұрын, соның ішінде Абай шыққан өлкесіндегі Семейде болдым. Мен жаңа елордада – бұрынғы Астанада және қазіргі Нұр-Сұлтанда этникалық қазақтар мен орыстардың, өзбектердің, тіпті корейлердің басқа қауымдардағы қазақтар мен тату-тәтті өмір сүрудің керемет үлгісін көрдім. Өзінің географиясына байланысты ұланғайыр Қазақстан – «атқа мініп» (португалшы тіркесі келтірілген) Еуропа мен Азияны байланыстыратын  ел. Бұл жерде атқа мініп сөз тіркесі өте орынды, өйткені біз дала мен өздерін Шыңғыс ханның ұрпағы деп санайтын адамдар туралы айтып отырмыз. Олар Оралдан тысқары жерде, ел аумағының оннан бір бөлігі Еуропада жайғасатының баса айтқан кезде, елдің осы бөлігі Польша сияқты үлкен немесе Португалиядан 3 есе үлкен болып келеді. Тарих, сонымен бірге, Қазақстанды Батыс пен Шығыстың қиылысында өзін жайлы сезінетін елге айналдырады. Бұл толерантты ел, сол елде мен кездестірген жұп – португал ері мен қазақ әйелі – отбасын құрып, екі тілде де мағынасы бар әдемі Алма есімді қызын тәрбиелейді.

 

Енді Қазақстанның болашағы жалпы өркендеу жолымен жүзден асатын қауымдастықтар мен ұлттар арасындағы тату-тәтті өмір сүру қабілетіне байланысты. Бұл сонымен қатар мұнайға тәуелділіктен еңсеруге байланысты. Бұл, өз кезегінде, бірнеше күш полюстерімен, көбінесе антагонистік мүдделермен әлемге сәйкес келуді талап етеді.

2019 жылғы 12 маусымда өзінің ұлықтау рәсімінде Тоқаев теңсіздік тудыратын наразылыққа ерекше назар аударуға уәде беріп, әлеуметтік баяндама жасады. Қазіргі пандемия экономикасына теріс әсер етсе де, дамуға деген құштарлық өзгеріссіз қалуда, өйткені мемлекет қиын жағдайларда пайдалану мақсатында жақсы кезеңдерде ресурстарды қалай басқаруды білген болатын. Президенттің уәделеріне партиялық жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған маңызды саяси реформалар да енгізілген.

Қазақстан Президентінің орыс, қытай немесе ағылшын тілдерінде өте жақсы сөйлей алатындығы қызық, тіпті одан да маңызды. Мәскеуде  жоғарғы білімін алып, Бейжіңде оқыды, Қытай астанасында да, Сингапурда да дипломат болды. Ол, сонымен бірге, Біріккен ұлттар ұйымының жоғары лауазымды тұлғасы болды. Басқаша айтқанда, бұл Қазақстанды екі үлкен көрші Ресей мен Қытайдың арасында жүргізе алады, сонымен бірге, Еуропалық Одақ немесе АҚШ болсын, Батыспен көпір сала алады. Ол оларды естиді және түсіне алады.

19 миллион халқы бар бұл елді ұнататын адам үшін, елдің көптеген артықшылықтарының бірі – ядролық қарудан азат етіліп, заманауи және ашық исламды ұстану, Тоқаев сияқты адамға басшылық берілді деген ойы ынталандырады, ол, мен мұнда ақын Абайды өз сөзімен айтсам, көп нәрсені көріп, бастан өткерді.

 

Леонидиу Паулу Ферейра

Сілтеме