Тоқаевтың сайлануымен қазақстандықтар саясатта, дипломатияда, экономика мен қоғамдық салада елдің қол жеткізілген көптеген жетістіктеріне қауіп төндірмеу үшін сабақтастық жолын таңдады

Тоқаевтың сайлануымен қазақстандықтар саясатта, дипломатияда, экономика мен қоғамдық салада елдің қол жеткізілген көптеген жетістіктеріне қауіп төндірмеу үшін сабақтастық жолын таңдады

Қ.-Ж.Тоқаев Президенттігінің бір жылдығына орай

португал саясаткерінің ой-пікірі

 

 

Бейресми аударма

 

 

А. Педро Роке Оливейра, Республика Ассамблеясының мүшесі, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы, Қорғаныс, сыртқы істер және португал қоғамдастықтары комитетінің мүшесі;

Жерорта теңізі парламенттік ассамблеясының Құрметті Президенті

 

2020 жылғы 9 маусым

 

2019 жыл Қазақстан үшін тарихи кезең болды. Іс жүзінде, елдің саяси өмірінде алғаш рет биліктің үлкен ауысуы жүзеге асырылды.

12 маусымда өткен президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаев халықтан сенім мандатын алды және елеулі жеңіске жетіп, заңды мемлекет басшысы болды.

Демек, ел барлық деңгейдегі демократияны дамыту мен тереңдету бағытындағы реформаларға бағытталған, үміттерге толы жаңа тарихи деңгейге көшті.

Осылайша, ел барлық деңгейлердегі демократияны дамытуға және тереңдетуге бағытталған реформаларға қадам басып, үміттерге толы жаңа тарихи кезеңге бет бұрды.

Қазақстан әлі күнге дейін Португалия мен Батыс Еуропаның көптеген тұрғындарына беймәлім. Қол жеткізген жетістіктерге қарамастан, оның тәуелсіз ел ретіндегі тарихы әлі қысқа. Дегенмен, ол өзінің үлкендігімен ғана емес (теңізге шығу мүмкіндігі жоқ, әлемдегі ең үлкен тоғызыншы ел), географияның, табиғи байлықтарының, сондай-ақ көшбасшылықтың саяси көзқарасы мен даналығының сәтті үйлесуінің арқасында да, бұл қазірдің өзінде ұлы ұлт.

Бұл сайлау, белгілі бір мағынада, дәуірдің аяқталғанын белгіледі. Президент болғаннан кейін Тоқаев мемлекеттің негізін қалаушысы және Қазақстанның жетістіктерінің жасампазы Нұрсұлтан Назарбаевтың бағытын жалғастырды.

2019 жылғы наурызда, 78 жастағы Назарбаев, алдымен Қазақстанның коммунистік партиясының бірінші хатшысы, содан кейін тәуелсіздік алғаннан кейін бес рет президент болып қызмет атқарып, 29 жылдық биліктен кейін өзінің мансабынан кетті. Ол, 1991 жылы КСРО ыдырағаннан және мемлекет тәуелсіздігін алғаннан кейін, Қазақстанның Мемлекет басшысы ретінде саяси негізінің қалаушысы болды.

Назарбаев барлық посткеңестік жетекшілердің ішіндегі ең тәжірибелі болып, ел тағдырын өзінің стратегиялық көзқарасымен, белгісіз, дамымаған және шектен пайдаланылған кеңестік республикасынан қазіргі кездегі заманауи және дамыған елге дейін жеткізгендігі күмәнсіз. Оның басшылығымен Қазақстан бірнеше бағыттар бойынша үлкен жетістіктерге жетті:

  • ҚСРО-ның ауыр және «улы мұрасы» – барлық стратегиялық ядролық қарудан бас тартты;
  • Нарықтық экономикаға және үлкен экономикалық және әлеуметтік дамуға жол ашқан, посткеңестік кеңістігіне батыстың алғашқы ірі мұнай-газ инвестицияларын тартты;
  • Қазақстан тәуелсіздікті алудан бұрын кезеңінің өзінде, этникалық толеранттық саясатын насихаттады – бұл елдің этникалық құрамын ескере отырып өте даналы саясат;
  • Ресеймен, Қытаймен және Батыспен жақсы дипломатиялық қарым-қатынастарды ұстанды – тұрақтылық пен дамудағы қажетті тепе-теңдікті орнатудың маңызды аспектісі;
  • Аймақтық және әлемдік деңгейдегі көптеген халықаралық ұйымдардың мүшесі болып, халықаралық тану жолын ұстанды.

Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы көпірі ретіндегі геосаяси жайғасымына байланысты маңызды аймақтық ойыншысы болып табылады; оның экономикалық қуаты бүкіл аймақ үшін, тіпті одан тысқары жерлерде де даму мен тұрақтылықтың белгісі болып табылады – Сирияға қатысты бейбіт келіссөздерінде Қазақстанның өте маңызды рөл атқаратынын ұмытпау керек.

Сондықтан, Тоқаевтың сайлануымен қазақстандықтар саясатта, дипломатияда, экономика мен қоғамдық саладағы елдің қол жеткізілген көптеген жетістіктеріне қауіп төндірмеу үшін сабақтастық жолын таңдады. Тоқаев сабақтастықты сақтау рухында ант берді. Сонымен бірге, Назарбаевтан алынған бұл эстафета, көрнекті саясаткер мен дипломаттың тәжірибесі, сондай-ақ білімді және елді келешекке бағдарлауға, және  демократиялық құндылықтарды дамытуға ұмтылған жаңа өсіп келе жатқан ұрпағы үмітінің парасатты ұштастырылуын білдіреді.

Мен, кейбір саяси кемшіліктерге қарамастан, Қазақстан, өзінің тепе-теңдігімен, геосаяси жайғасымымен, тұрақтылығымен және дамуымен, басқа елдерге келісім, бейбітшілік және өркендеу рухында көп нәрсені үйретуі мүмкін деп санаймын.

 

Біз, Шығыс пен Батысты тек бір-біріне жылжуға ынталандыруды ғана емес, сондай-ақ, оларды жаңа философияны табуына, біздің ортақ және жалғыз баспана - Жер шарының болашағын айқындайтын құрал ретінде қызмет ете алатын философиясын табуына түрткі ету үшін ынталандыруға ұмтылуымыз керек.

Нұрсұлтан Назарбаев