Қазақстандық-португал сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығының даму мүмкіндіктері Лиссабонда талқыланды

Қазақстандық-португал сауда-экономикалық және инвестициялық  ынтымақтастығының даму мүмкіндіктері Лиссабонда талқыланды

2020 жылғы 4 маусымда Лиссабонда Елші Дәулет Батырашев Португалия кәсіпкерлер конфедерациясының (CIP) президенті Антониу Сарайвамен кездесті.

Сұхбат барысында екіжақты экономикалық ынтымақтастықты дамыту келешегі, жергілікті кәсіпорындардың қазақстандық инвестициялық жобаларда қатысуы, сондай-ақ португалдық іскерлік делегациялардың сапарларын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Д.Батырашев еркін экономикалық аймақтары мен инвестициялық преференциялар жүйелерін құруына, «Астана» халықаралық қаржы орталығының және технологиялық сипаттағы алаңдардың қызметіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының транзиттік және көліктік әлеуетіне назар аудара отырып, шетелдік инвесторларды қорғау бойынша Қазақстан билектерімен қабылданатын іс-шаралар туралы егжей-тегжейлі хабардар етті. Коронавирустық пандемиясынан туындаған әлеуметтік-экономикалық дағдарысқа қарсы тұру жағдайында бизнесті қолдау шараларына айрықша назар аударылды.

Екі елдің бизнес-қауымдастықтары арасында серіктестік орнату мүмкіндігі талқыланды. Осы орайда, А.Сарайва «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен ынтымақтастық үшін CIP-тың ашық екендігін атап өтіп, осы жылғы күзінде Нұр-Сұлтанға мүмкін болатын сапары шеңберінде Конфедерация делегациясын басқаруға дайындығын білдірді.

Қазақстан мен Португалия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың әлеуеті жоғары бағаланды. Қазіргі уақытта Қазақстанда португалдық капиталдың қатысуымен 25-тен астам кәсіпорын қызмет жасауда. Энергетика және жаңартылатын энергия, ақпараттық технологиялар, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік және құрылыс саласындағы компаниялармен бірқатар жобалар пысықталуда.

Кездесу қорытындылары бойынша, Португалия компанияларының Қазақстанда инвестициялық мүмкіндіктерін зерделеу және әлеуетті серіктестерімен келіссөздер жүргізу, сондай-ақ Лиссабондағы Қазақстан-Португалия сауда-инвестициялық форумын өткізуге дайындығы жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді.

 

Анықтама: Португалия кәсіпкерлері конфедерациясы (Confederação Empresarial de Portugal) – 1974 жылы құрылған кәсіпкерлік бірлестік. CIP құрамына елдің ірі бизнес құрылымдары, сондай-ақ айналымы 105 млрд. еуро және 1,8 миллион қызметкері бар 150 мың компания кіреді, олар жалпы ішкі өнімнің 71% құрайды.

CIP миссиясы: елде және одан тыс жерлерде португалдық кәсіпкерлердің ұжымдық мүдделерін ұсыну және қорғау. Осы мақсатта Конфедерация Португалияның 150 органдары мен құрылымдарында, сондай-ақ ірі халықаралық бизнес-қауымдастықтарда ұсынылған. CIP құрылымында еңбек құқығы, әлеуметтік қорғау, халықаралық сауда, энергетика және қоршаған ортаны қорғау және басқа да салалар бойынша 4 салалық және 7 стратегиялық кеңес жұмыс істеуде.

 

ҚР Португалиядағы Елшілігі