«Қазақстан - Португалия» парламентаралық достық тобының құрылуы Лиссабонда талқыланды

«Қазақстан - Португалия» парламентаралық достық тобының құрылуы Лиссабонда талқыланды

2020 жылғы 21 мамырда Лиссабон қаласында Елші Дәулет Батырашев Португалия Республикасы Ассамблеясының (бір палаталы Парламентінің) депутаты Педру Роке Оливейрамен кездесті.

Сұхбаттасушылар қазақстандық-португал екіжақты қарым-қатынастарын, соның ішінде өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды дамыту келешегін талқылады. Д.Батырашев, Батыс Еуропадағы негізгі серіктестердің бірі ретінде Португалиямен өзара тиімді қатынастарды жан-жақты ілгерілетуге Қазақстан үлкен мән беретіндігін, парламентаралық дипломатияның және заң шығарушы органдар арасындағы байланысты нығайтудың маңыздылығына тоқталды.

Осы орайда, тараптар парламенттік тараптағы ынтымақтастықты кеңейтуге және Қазақстан-Португалия парламентаралық достық тобын құруға өзара қызығушылықтарын білдірді. Өз кезегінде, португалдық саясаткер бұл бастаманы жоғары бағалап, Республика Ассамблеясы тарапынан басқаруға дайындығын танытты. Сонымен бірге, сұхбаттасушылар алдағы уақытта жоғары деңгейдегі парламенттік делегациялардың сапарларын ұйымдастыру мүмкіндігін талқылады.

Сұхбат барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға баса назар аударылды. Бұл тұрғыда энергетика, IT, ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп және туризм сияқты екіжақты ынтымақтастықтың басым салалары талқыланды. Сонымен қатар, екі ел арасында ешқандай саяси проблемалардың болмауын сөз салып, Қазақстан мен Португалия арасындағы сауда айналымын ұлғайтуына алғышарттардың болуы атап өтілді.

Әңгіме соңында сұхбаттасушылар коронавирустық пандемиясымен күресудің өзекті мәселелерін және оның әлеуметтік-экономикалық салдарын талқылады. ҚР Елшісі, Португалияның осы бағыттағы күш-жігерін оң бағалап, сұхбаттасушыға елімізге пандемиямен тиімді түрде күресуге мүмкіндік берген осы бағыттағы Қазақстанда қабылданған шаралар туралы хабарлады.

 

Анықтама: Педру Роке Оливейра - Социал-демократиялық партиядан Португалия Парламентінің депутаты, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитететінің төрағасы, Халықаралық істер жөніндегі, ұлттық қорғаныс комитеттерінің мүшесі, Жерорта теңізі парламенттік ассамблеясының құрметті президенті.

 

ҚР Португалиядағы Елшілігі