Португалдық сарапшылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы жөнінде

Португалдық сарапшылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы жөнінде

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауымен ризашылықпен таныстым. Стратегиялық көзқарас дамудың перспективалық бағыттарына сүйенеді, мұнда экономика, сөзсіз, Қазақстанның индустрияландыруына инвестициялау тұрғысынан да, өнеркәсіп, ақпараттық технологиялар немесе қаржы секторы болсын, сондай-ақ елге шетелдік инвестицияларды тарту тұрғысынан да шешуші рөл атқарады.

Бұл ретте Мемлекет басшысы қоршаған ортаны қорғау мәселесі барған сайын өзекті болып отырғанын және «жаңартылатын энергия көздеріне» салынатын инвестицияларды ұлғайту қажет екенін, сондай-ақ көлікке инвестицияларды және Қазақстанды Еуразияның транзиттік хабына айналдыру жоспарлары туралы айтып отырғанын назардан тыс қалмады.

Алайда, Президенттің сөзінде ел үшін негізгі емес салаларды жекешелендіруді жалғастыру және шағын және орта бизнесті қолдау, Қазақстан экономикасының тұрақты өсуі үшін құралдар жасау сияқты басқа да түйінді сәттер болды. 

Сонымен қатар, экономикалық мәселелермен қатар, аудандық және аймақтық деңгейде сайлау өткізуді жалғастыру сөзсіз мақұлдауға лайық және демократия жолындағы маңызды қадам болып табылады.

Соңында, мен, әсіресе Еуропадағы қақтығыстың қазіргі жағдайында, Президенттің сөзінде көрші елдермен және Қазақстанның ықпал ету аймағы шегінде жақсы қарым-қатынасты сақтау қажеттігі туралы айтылғанын атап өтуім қажет.

Португалия мен Еуропалық Одақ Қазақстандағы осы экономикалық, әлеуметтік және саяси жобаға өз үлесін қоса алады деп сенемін және Португалия-Қазақстан Парламенттік достық тобының атынан Қазақстан халқына және оның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа табыс тілеймін.

Руй Паулу Соуза

Португалия Парламентінің депутаты, Португалия-Қазақстан парламентаралық достық тобының президенті

***

 

   Президент Қ.Тоқаевтың жақындағы халыққа Жолдауында ұсынған жаңа экономикалық бағыты өршіл және күрделі, бірақ Қазақстанның одан әрі дамуы үшін өте қажет.

   Ел күшті экономикаға ие, оның ЖІӨ шамамен 180 миллиард долларды құрайды, соңғы жылдары орташа өсім 4% құрады. Бұл ретте, Үкімет шикізат ресурстарының экспортына тәуелділік, экономиканы әлсіз әртараптандыру және бюджетке үлкен әлеуметтік жүктеме сияқты бірқатар проблемаларды шешуі керек.

Қ. Тоқаевтың жаңа бағыты осы мәселелерді шешуге бағытталған. Қазақстан Үкіметі кейбір салаларда, мысалы, шикізат экспортына тәуелділікті төмендетуде және өндірістік салаға инвестицияларды ұлғайтуда прогреске қол жеткізді. Егер шешімді сақтап, реформаларды ойдағыдай жүргізу мүмкін болса, онда Қазақстан қойылған мақсаттарға қол жеткізе алады.

Менің ойымша, Жаңа Келісімнің сәттілік факторлары болуы мүмкін:

  • Қазақстанға сауда мен инвестициялар үшін неғұрлым кең мүмкіндіктер ашатын жаһандық экономикалық өсу;
  • бұл елдегі саяси және әлеуметтік тұрақтылық, бұл қолайлы инвестициялық ахуал құру үшін маңызды;
  • экспортты әртараптандыруға және стратегиялық позицияны жақсартуға ықпал ететін аймақ елдерімен өзара іс-қимыл.

Әрине, тәуекелдер де бар:

  • тауарлар әлемдік бағасының тұрақсыздығы;
  • инвестиция тарту үшін бәсекелестік;
  • реформаларды жүргізуге қарсылық.

Осы факторларға қарамастан, Қазақстан Президенті қабылдаған экономикалық бағыт ел азаматтарына елеулі пайда әкелетін және сонымен бірге Қазақстанның Орталық Азиядағы стратегиялық жағдайын және оның бай табиғи ресурстарын игеруге ұмтылатын шетелдік инвесторлар үшін тартымды магнит болып табылатын ұтымды сценарий болып табылады.

Рикарду Кошта

Гимараеш муниципалитетіндегі Социалистік партияның президенті, Социалистік партияның Ұлттық комитетінің мүшесі

***

 

Қазақстан саналы және стратегиялық тұрғыдан әлеуметтік, саяси және экономикалық жаңғыру жолына түсті.

Ел Президенті жариялаған соңғы шаралар бұл ойды толығымен растайды. Халыққа білім беру жүйесін нығайта отырып, ол экономикалық амбициялар мен міндеттерді қолдаудың негізгі құралын іске қосады.

Саяси өмірге қатысу үшін қоғамның біртіндеп ашылуы, атап айтқанда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүддесіне билікті орталықсыздандыру арқылы, орталық үкімет қалыптастыратын ұжымдық сана мен азаматтыққа деген ұмтылыстың көрінісі болып табылады.

Мұндай ашық жол, әрине, осы керемет елге өзінің тарихына лайықты заманауи модернизацияны қамтамасыз етеді.

Қазақстанға жылы лебіздерімді білдіемін!

 

Эдуарду Баптишта Коррейа

«Tagus Park» ғылыми-технологиялық паркінің бас директоры

***

 

Референдум науқанындағы пікірталастар аса маңыздылыққа ие болады. Пікірлерді еркін талқылау Қазақстанның халықаралық имиджін арттырады және қазақстандықтарға Президент Қ.Тоқаевтың неғұрлым демократиялық қоғамды дамытуға бейілділігін сезінуге мүмкіндік береді. Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының пайдасына көптеген дәлелдер бар, олардың бірі - елдің уран байлығы, және, сөзсіз, бұл ұсыныстың Мемлекет басшысының Жолдауында жариялағандығы оның экономиканы әртараптандыру, индустрияландыру және жылдам индустрияландыру үшін өте маңызды екендігі туралы белгі береді, сондай-ақ жалпы өмір сүру деңгейін арттырады.

Бірақ бұл алыс болса да, жеңіске жетпеу мүмкіндігі халықтық ерік-жігерінің көрінісі ретінде қарастырылуы керек және контекст өзгеруі мүмкін болғандықтан, түпкілікті болмаса да ескерілуі керек.

Баламалар әрқашан да бар. Энергия да.

 Леонидиу Феррейра

«Diário de Notícias» газеті Бас редакторының орынбасары

 ***

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы елдің саяси және экономикалық жаңғырту жолындағы маңызды кезең болып табылады. Бұл соңғы жылдардағы оң әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге ықпал ететін реформалардың әсерлі әлеуетін көрсетеді.

Жарқын мысалдардың бірі - Жолдауда айтылған бірқатар іске асырылған бастамалар бар. 2020 жылдан бастап мұғалімдердің жалақысының екі еселенуі және дәрігерлердің еңбекақысының едәуір өсуі елдің білім беру мен денсаулық сақтау саласын дамытуға күш салғанын көрсетеді.

Үкіметтің Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арттыруға деген ұмтылысын зейнетақы жинақтарын пайдалану жүйесін енгізу, ауылдық жерлерде мектептер мен медициналық мекемелер салу, сондай-ақ «Ұлттық қор – балаларға» жобасын іске асырудың басталуы куәландырады.

Бір қызығы, өзгерістердің қозғаушы күші саяси реформалар болды. Бірақ Президент Қ.К. Тоқаевтың Жолдауы, ең алдымен, әділдік пен прагматизм қағидаттарына негізделген Қазақстанның жаңа экономикалық бағытына арналған. Атап айтқанда, макроэкономикалық өсу мен қаржы секторының реформалары елеулі экономикалық экспансияға қол жеткізуге, тұрақтылықты нығайтуға және шетелдік инвестицияларды тартуға бағытталған.

Егер Қазақстан 2029 жылға дейін 6-7% деңгейінде жыл сайынғы экономикалық өсімге қол жеткізсе, онда ел даму деңгейі бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарына кіреді деп болжануда. Осыдан шетелдік компанияларды салықтық ынталандыру және құқықты қамтамасыз ету, сондай-ақ жаңа инфрақұрылымдарды дамыту есебінен шетелдік инвестициялардың үлкен көлемін тарту қажеттілігі туындайды.

Осы себепті Қазақстан өз позициясын Еуразияның транзиттік хабы ретінде белсенді пайдалануы тиіс. Ауыл шаруашылығы және «жасыл» экономика сияқты стратегиялық салаларда да солай болуы керек.

 Жиль Виейра

Қазақстанның Португалияның солтүстік аймақтарындағы Құрметті консулы

***

ҚР Португалиядағы Елшілігі

 

* бейресми аударма