
Лиссабон, 2023 жыл 31 шілде - Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ұжымның негізін қалаушы Тимур Урманчеев (фортепиано), халықаралық конкурстардың лауреаттары Мұрат Нарбеков (виолончель) және Мақсат Жүсіпов (скрипка) құрамындағы трионың жоғары шеберлігі португалдық тыңдаушылардың көңілінен шықты.
Қазақстанның Португалиядағы Елшілігінің қолғабысымен ұйымдастырылған концерт лиссабондықтар мен бұл елдің астанасының қонақтары үшін көрнекті жерде – Ұлттық ежелгі өнер мұражайының музыкалық залында өтті. Ғасырлық тарихы бар бұл залда әлемдік классикалық музыка жұлдыздары өз өнерін көрсеткен.
Концерт бағдарламасында отандық академиялық және дәстүрлі мәдениеттің жарқын үлгілері, халқымыздың рухани құндылықтарын бейнелейтін - «Япыр-ай» мен «Көроғлы» тәрізді аты аңызға арналған эпикалық шығармалар болды. Сонымен қатар, ұжым классикалық музыканың «алтын жинағының» шығармаларын шебер орындады, олардың арасында И.Брамстың, К.Дебюссидің, А.Пьяццолла мен М. де Фальидің әйгілі композициялары орындалды. Талғампаз өнер сүйер португалдық қоғамның оған жылы әрі ынталы лебіздері мол болды.
«Португалдық қауым өзінің шынайылығы мен рухани жылулығымен сипатталады», - деп Forte Trio-нің көркемдік жетекшісі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Т.Урманчеев өз әсерімен бөлісті. «Мейірімді адамдар мен жоғары мәдениетті қызықты ел екен. Португалия бойынша концерттік тур барысында Лиссабоннан басқа біз Порту мен Брагада өнер көрсеттік, португал мәдениетінің көптеген қайраткерлерімен таныстық және олармен тікелей байланыс орнатуды жоспарлап отырмыз, сондай-ақ португалдық орындаушыларды біздің қазақстандық көрермен тыңдайды деп үміттенеміз».
Трио қатысушылары көрсеткен жоғары кәсіпқойлық қазақ мәдениетінің рухани байлығын және жалпы әлемдік рухани өркениеттің үздік үлгілерінде қамтылған мәңгілік құндылықтарды синтездейтін Қазақстанның музыкалық өнерінің бай дәстүрлерін әлемге тағы да таныстырды. Жоғары орындаушылық шеберлігінің арқасында ұжым бүгінде бүкіл әлем бойынша концерт беретін жоғары сұранысқа ие отандық камералық ансамбльге айналып отыр.
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының Forte Trio мемлекеттік триосын атақты пианист, профессор Тимур Урманчеев жоғары деңгейдегі музыканттармен, халықаралық байқаулардың лауреаттарымен, скрипкашы Мақсат Жүсіповпен және виолончелист Мұрат Нарбековпен серіктестікте құрған. Бұл Қазақстанда осындай аспаптарды біріктіретін ең танымал музыкалық ұжым.
ҚР Португалиядағы Елшілігі