
Лиссабон, 2023 жылғы 12 мамыр - Елші Дәулет Батырашев Португалия кәсіпкерлер конфедерациясының (CIP) президенті Арминду Монтейрумен кездесіп, екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың келешегі, португалдық кәсіпорындардың қазақстандық инвестициялық жобаларда қатысуы, сондай-ақ іскерлік делегациялардың сапарларын ұйымдастыру мәселелерін талқыланды.
Қазақстандық дипломат еркін экономикалық аймақтары мен инвестициялық преференциялар жүйелерін құруына, «Астана» халықаралық қаржы орталығының және технологиялық сипаттағы алаңдардың қызметіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының транзиттік және көліктік әлеуетіне назар аудара отырып, шетелдік инвесторларды қорғау бойынша Қазақстан билектерімен қабылданатын іс-шаралар туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.
Екі елдің бизнес-қауымдастықтары арасында серіктестік орнату мүмкіндігі талқыланды. Осы орайда, А.Монтейру «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға Конфедерация дайын екеніне назар аударып, осы жылғы күзде Астанаға жоспарланып отырған сапар шеңберінде іскерлік делегацияны басқарып баруға ниетін білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша Португалия компанияларының Қазақстанда инвестициялық мүмкіндіктерін зерделеу және әлеуетті әріптестермен келіссөздер жүргізу, сондай-ақ Астанада Қазақстан-Португалия сауда-инвестициялық форумын өткізу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.
Анықтама: Португалия кәсіпкерлері конфедерациясы (Confederação Empresarial de Portugal) – 1974 жылы құрылған кәсіпкерлік бірлестік. CIP құрамына елдің ірі бизнес құрылымдары, сондай-ақ айналымы 105 млрд. еуро және 1,8 миллион қызметкері бар 150 мың компания кіреді, олар жалпы ішкі өнімнің 71% құрайды.
CIP миссиясы: елде және одан тыс жерлерде португалдық кәсіпкерлердің ұжымдық мүдделерін ұсыну және қорғау. Осы мақсатта Конфедерация Португалияның 150 органдары мен құрылымдарында, сондай-ақ ірі халықаралық бизнес-қауымдастықтарда ұсынылған. CIP құрылымында еңбек құқығы, әлеуметтік қорғау, халықаралық сауда, энергетика және қоршаған ортаны қорғау және басқа да салалар бойынша 4 салалық және 7 стратегиялық кеңес жұмыс істеуде.
ҚР Португалиядағы Елшілігі