
(Бейресми аударма)
Кеңес Одағының ыдырауы нәтижесінде пайда болған елдерді шолу жасасақ, Қазақстан кейбір бірегей сипаттарымен ерекшеленетініне көз жеткіземіз. Біріншіден, шамамен 3 миллион шаршы километрде орналасқан елдің аумағы Ресейден кейін екінші орынға қояды, әрі Қазақстан теңізге шыға алмайтын және айтарлықтай көп этникалық әртүрлілігі бар әлемдегі ең ірі мемлекет екенін ескеру қажет: 20 миллионға жуық халықты жүзден астам этникалық топ құрайды. Моңғолия мен Солтүстік Корея сияқты бұл елдің Ресеймен де, Қытаймен де шекаралас екенін айта кеткен жөн болар.
Бұл ерекшеліктерде артықшылықтар да бар, дегенмен белгілі бір сын-тегеуріндер де жеткілікті. Тәуелсіздіктің үш онжылдығын талдасақ, кейбір олқылықтардың болуына қарамастан, бір-бірін алмастырған көшбасшылар (іс жүзінде екі көшбасшы – елдің негізін қалаушы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және бүгінгі реформатор Қасым-Жомарт Тоқаев) елді жасампаздыққа жеткізе алғанын көрсетеді. Сепаратизмнің көріністері байқалмады, елге өз атын берген ежелгі этнос славяндардың маңыздылығын ескере отырып, өзінің демографиялық көпшілігін қалпына келтіре алды, ал географиялық оқшаулану экономикалық дамуға кедергі келтірмеді. Екі ірі державамен көршілес болу - Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтуға септік тигізді.
Қазақстанның Премьер-Министрінің Орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді DN газетіне берген сұхбатында Ресейдің Украинаға басып кіруі мен Батыс қабылдаған санкциялар Қазақстанға белгілі бір мөлшерде әсер ететінін жасырмай, болашаққа оптимистік көзқараспен қарайды. Сонымен қатар, өткен жылы Еуропадағы соғыстан туындаған шиеленіс 2022 жылдың басындағы аласапыран наразылықтардан кейін басталған демократияландыру әрекеттерімен сәйкес келіп, қазір 82 жастағы және саяси шешімдер қабылдаудан біржола бас тартқан Назарбаев билігін теріс пайдаланды деген айыптаумен байланысты болды.
Мен Қазақстанға екі рет сапар шегіп, Астана, Алматы, Семей және Түркістан сияқты бір-біріне ұқсамайтын қалаларда болдым. Мен түрлі халықтардың үйлесімді өмір сүруіне, сондай-ақ өткен жылдағыдай Рим Папасы Францисктің сапарын салтанатты түрде қарсы алуға қабілетті түркі тілі мен мәдениеті бар қазақтардың толерантты мұсылман дәстүріне куә болдым. Оған қоса мен мұнай экспортына негізделген, әртүрлі салаларға шетелдік инвестицияларды тартуға қабілетті экономиканың оң өсуінің арқасында қызмет көрсету саласында белгілі бір «батыстандыру» жүріп жатқанын байқадым. Қазақстанға визасыз келуге болатындығы да елдің бүкіл әлем үшін ашық болуға дайын екендігінің белгісі.
М.Тілеубердінің «Қазақстан көпвекторлы дипломатияға адал болып қала береді» деген мәлімдемесі және Португалияға жақында жасаған сапары екіжақты жақсы қарым-қатынастардың ғана емес, сонымен қатар Орталық Азия елінің Еуропалық Одақтың маңызды серіктес болып қалуына мүдделілігінің дәлелі болып табылады. Португалиядан да, жалпы Батыстан Тоқаев оны құруға ұмтылған жаңа Қазақстанға сенім күтіледі. Ол бұрынғы мұраның ең жақсы жақтарын тастамай, Ресеймен, Америкамен, Қытаймен, сондай-ақ Еуропамен бір мезгілде жақсы қарым-қатынастарды нығайтуға ниетті. Осы уақытқа дейін еуропалықтар да, американдықтар да Ресейге қарсы халықаралық санкциялар тарихы, қоғамы және экономикасы әлі де Мәскеумен тым тығыз байланысты елде тым көп зиян келтірмеуі үшін қазақтармен өзара әрекеттеседі. Бұл прагматизмнің белгісі (немесе қаласаңыз, нақты саясат) және ең алдымен, халықаралық жүйеде көп нәрсе қауіп төніп тұрған кездегі көрегенді ақылдың дәлелі.
Леонидио Паулу Феррейра
"Diário de Noticias" газетінің тілшісі.
Ақпарат көзі: www.dn.pt
https://www.dn.pt/edicao-do-dia/17-fev-2023/amp/singularidades-cazaques-15854203.html