Португалияның Taguspark ең ірі ғылыми-техникалық паркінің басшысы АХҚО-ға барды

Португалияның Taguspark ең ірі ғылыми-техникалық паркінің басшысы АХҚО-ға барды

Taguspark португалдық ірі ғылыми-техникалық паркінің басшысы Эдуарду Баптишта Коррея «Астана» халықаралық қаржы орталығына (бұдан әрі – АХҚО) келді.

Taguspark-Еуропадағы жетекші технологиялық парктердің бірі. Taguspark-тың негізгі қызметі - Португалиядағы ең ірі ғылыми-технологиялық паркті құру, дамыту, жылжыту және басқару. Парк қызметінің негізгі мақсаттары: кәсіпкерлік, инновациялық және білім беру қызметін іске асыру; компаниялар, университеттер мен зерттеу орталықтары арасындағы ынтымақтастықты ілгерілету, сондай-ақ тұрақты қалалық ортаны дамыту.

Сапар барысында қонақ АХҚО-ның жалпы құқық қағидаттары мен нормаларына негізделген ерекше құқықтық режимімен, АХҚО-да қолданылатын салықтық преференциялармен және визалық жеңілдіктермен, сондай-ақ юрисдикция артықшылықтарымен және орталықтың жетістіктерімен танысты.

Делегатқа АХҚО органдары мен ұйымдарының – Биржаның, Соттың және Халықаралық төрелік орталықтың, қаржы қызметтерін реттеу Комитетінің, Техникалық хабтың, Жасыл қаржы орталығының және т. б. қызметі ұсынылды.

Кездесу қорытындысы бойынша Taguspark пен АХҚО Тех Хабы арасында қарым-қатынас орнату мүмкіндігі талқыланды.

Анықтама:

Taguspark бірқатар ғылыми-техникалық зертханаларды, инвестициялық стартаптарды және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, электроника, энергетика, жасыл және қаржылық технологиялар, химия және т. б. салалардағы бизнес-инкубаторларды қамтиды. www.taguspark.pt

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады.  www.aifc.kz

Дереккөз:

https://aifc.kz/kz/press-relizy/the-head-of-the-largest-portuguese-science-and-technology-park-taguspark-visited-the-aifc/