
Гимараеш, 2022 жылғы 15 қараша – Қазақстан Елшісі Дәулет Батырашев Брага округінің БАҚ өкілдері және саяси қайраткерлерімен Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы сайлауына арналған кездесу өткізді.
Португалдық аудиторияға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділ Қазақстан" құру және қоғамды демократияландырудың басты бағыт-бағдары, сондай-ақ кешенді әлеуметтік-саяси қайта құруларды іске асырудың негізгі аспектілері жайлы әңгімеленді.
Қазақстандық дипломат конституциялық түзетулер мемлекеттілігіміздің негізін түбегейлі өзгертетінін және бүкіл қоғамның дамуына жаңа серпін беретінін атап өтті. Жуырда 20 қарашада Президенттің кезектен тыс сайлауы Қазақстанда жаңа саяси дәстүрді қалыптастырмақ. Ұлттық табыстың әділ бөлінуін қамтамасыз ете алатын жаңа экономикалық саясатты құрумен қатар саяси жаңғырту басымдыққа айналады. Реформалар мемлекеттік құрылымның берік демократиялық іргетасын қалыптастырып, азаматтық қоғамның дамуына жол ашады және ұлттық сұхбатты нығайтады.
Адам құқықтарын қорғауға, өлім жазасын жоюға, Омбудсменнің рөлі мен мәртебесін арттыруға бағытталған заңнамалық бастамалардың айқын гуманистік және құқық қорғау бағыты қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Қазақстан Елшісі сол күні Гимараеш қаласының Мэрі Домингуш Брагансамен кездесті. Оның барысында екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту келешегі, сондай-ақ Түркістан мен Гимараеш арасында бауырластық байланыстар орнату мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды. Тараптар құрылыс, ЖЭК, жасыл технологиялар, ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп және туризм тәрізді келешегі мол бағыттар бойынша ықпалдастықты дамытудың жоспарларын айқындады.
Португалдық саясаткер екі елдің көне астаналары арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға дайындығын атап өтіп, 2023 жылдың көктемінде Оңтүстік Қазақстанға сапармен келуге дайын екенін айтты.
ҚР Португалиядағы Елшілігі