
ЛИССАБОН, 2022 жылғы 9 қараша - Португалия Республикасы Ассамблеясында Қазақстан мен Португалия арасындағы парламентаралық ықпалдастықты дамытудың келешегі талқыланды.
Жуырда құрылған «Португалия-Қазақстан» Достық тобының мүшелерімен достық ахуалында өткен кездесуде қазақстандық қоғамның барлық салаларындағы өзгерістердің басты мақсаттары, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділ Қазақстан» құру, демократияны нығайту, адам құқықтары мен азаматтық қоғамды қорғау жолына бет бұрудың бағыт-бағдары әңгіме болды. Сондай-ақ, сайлау үдерісін жеңілдетіліп, барынша ашықтық қамтамасыз етілген 20 қарашада өтетін Қазақстандағы президенттік сайлауға ерекше назар аударылды.
Кездесуде екіжақты парламентаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері де жан-жақты талқыланды. Елші Д.Батырашев атап өткендей, Қазақстан Португалиямен өзара іс-қимылды өрістетуге ерекше мән береді және Лиссабонды Еуропалық Одақтағы өзінің сенімді әріптесі деп санайды. «Құрылған берік іргетас болашаққа нық сеніммен қарауға негіз болып отыр», - деп атап өтті қазақстандық дипломат.
Португалия Парламентінің депутаты Педру Рок соңғы жылдары елдеріміз көпжақты әріптестікті едәуір тереңдетіп, екіжақты қатынастарды жаңа деңгейге көтере алғанын атап өтті. Саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықтың едәуір артуы соның айқын дәлелі.
Өз кезегінде, Достық тобының вице-президенті Франсишку Пименталь екіжақты қарым-қатынастардың жандануы екі елдің парламентшілері деңгейіндегі өзара алмасуымен толықтырылған абзал екенін атап өтті.
Португалияның әртүрлі саяси партияларының өкілі Джоана Лима, Кристина Феррейра және Александре Симоеш сияқты заң шығарушы ассамблея мүшелері тәжірибе алмасуға және одан әрі бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар саяси сұхбат пен гуманитарлық байланыстарды ілгерілету мәселелері «Португалия- Қазақстан» Парламентаралық достық тобының күн тәртібінің басымды бағыты болатынын атап өтті.