
2021 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстанның Португалиядағы Елшісі Дәулет Батырашев Лейрия өңіріне (Орталық Португалия) жасаған жұмыс сапары барысында Лейрия аймағы кәсіпкерлері қауымдастығының (Associação Empresarial da Região de Leiria, NERLEI) Президенті Антониу Посаш да Роса және Атқарушы директоры Энрике Карвальюмен келіссөздер жүргізді, сондай-ақ өңірдің кәсіпкерлерімен кездесулер өткізді.
Қазақстандық дипломат португалдық кәсіпкерлерін еліміздің инвестициялық мүмкіндіктері туралы хабардар етті, Қазақстанның инвестициялық ахуалы, стратегиялық орналасуы мен транзиттік-көліктік әлеуеті, еркін экономикалық аймақтар, АХҚО және Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының қызметі жөнінде өзекті ақпарат берді.
Антониу Посаш да Роса, өз кезегінде, Қазақстан экономикасының өсу қарқынын және елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды ескере отырып, екіжақты байланыстардың әлеуеті айтарлықтай жоғары екенін және оларды дамыту үшін жақсы мүмкіндіктер бар екенін атап өтті. Тараптар құрылыс, жаңартылатын энергия көздері, жасыл технологиялар, ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп және туризмді қоса алғанда, басым салалардағы ынтымақтастықты дамыту қажеттігі жөнінде келісті.
Келіссөздер нәтижесінде, қазақстандық әлеуетті серіктестерімен әрекеттестікті мен тікелей байланыс орнату мақсатында, 2022 жылғы наурызда Орталық Португалиядан іскер делегациясының Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларына сапарын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Сонымен қатар, Елші сапар барысында Soguima (балық шаруашылығы), Construcoes Gabriel A.S. Costa (құрылыс), Filasa SA (жеңіл өнеркәсіп), Magop (консалтинг), Filstone (тау-кен өнеркәсібі), Companhia Agrícola do Sanguinhal (шарап жасау) бірқатар португал компанияларының басшылығымен кездесулер өткізді.
Анықтама үшін: Лейрия өңірінің кәсіпкерлер қауымдастығы (NERLEI) Португалия өнеркәсіптік қауымдастығының (AIP) филиалы және аймақтық бизнес орталығы ретінде 1985 жылы құрылды.
Қауымдастық 1991 жылы географиялық қамтуы бойынша бүкіл өңір мен бас кеңсесі Лейрия облыс орталығында орналасқан коммуналдық мекеме мәртебесі бойынша құқықтық және қаржылық автономиясына ие болды. NERLEI жергілікті бизнес қауымдастығына шетелде жәрмеңкелер мен көрмелер, конгресстер мен іскерлік кездесулер ұйымдастыруда, кәсіптік оқытуда, бизнес пен инвестицияларды ынталандыруда көмектеседі, сондай-ақ Қауымдастық мүшелерінің мүдделерін өкілдік етеді және қорғайды.