Мадейра аралында Қазақстанның Құрметті консулдығының ашылуы жоспарлануда

Мадейра аралында Қазақстанның Құрметті консулдығының ашылуы жоспарлануда

Фуншал, 2021 жылғы 25 қазан – Қазақстан Республикасының Португалиядағы Елшісі Дәулет Батырашев Мадейра автономиялық облысының астанасы Фуншал қаласына жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында қазақстандық дипломат Мадейра автономиялық аймағының Заң шығарушы Ассамблеясының Төрағасы Жозе Мануэль Родригешпен, Фуншал Сауда-өнеркәсіп палатасының Басқарма Төрағасы Жорже Вейга Франсамен, сондай-ақ Қазақстанмен сауда және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі бірқатар бизнес өкілдерімен кездесулер өткізді.

Мадейраның Заң шығарушы Ассамблеясында сұхбаттасушылар екіжақты қарым-қатынасты мен парламентаралық ынтымақтастықтың оң динамикасын, шарт-құқықтық базасының кеңеюі мен Автономдық  аймағымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Ж.Родригеш Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан  әлеуметтік-экономикалық реформалар, Қазақстан халқы Ассамблеясының бірегей тәжірибесі, елімізде 10 ұлттық жобасының жүзеге асырудың басталуы мен халықаралық бастамаларымыз жөніндегі ақпаратты қызығушылықпен қабылдады.

Мадейра Сауда-өнеркәсіп палатасында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерінің тұсаукесері ұйымдастырылып, еліміздің инвестициялық климаты, стратегиялық орналасуы мен сауда әлеуеті туралы өзекті ақпарат берілді. «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы – жетекші өңірлік іскерлік алаңдарда бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларына ерекше назар аударылады.

Кездесулер нәтижесінде, тараптар Қазақстан мен Португалия өңірлері арасындағы сауда-экономикалық және әлеуметтік-мәдени ынтымақтастықты кеңейтуді, сондай-ақ 2022 жылы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылуына 30 жыл толуына орай бірқатар іс-шаралар өткізу бойынша нақты қадамдарды белгіледі. Сапар барысында осы өңірде Қазақстанның Құрметті консулдығының ашылу мүмкіндігі мен қажеттілігі талқыланды, бұл түрлі салалардағы өзара әрекеттестікті кеңейтуге ғана емес, екі ел азаматтары арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды әрі қарай дамытуға жақсы жағдай жасайды.

Анықтама үшін: Мадейра - Португалияның автономиялық аймағы, Солтүстік Атлант мұхитындағы аттас архипелагта орналасқан. Архипелаг екі қоныстанған аралдардан тұрады, негізгі Мадейра аралы мен кіші Порту-Санто және Ильяш-Дезерташ елсіз аралдар тобынан тұрады. Аймақтың астанасы мен ірі қаласы – негізгі аралдың оңтүстік жағалауында орналасқан Фуншал қаласы.