
Бейресми аударма
Осыдан екі жыл бұрын, мен, Қазақстанның солтүстік-шығысындағы Семей полигонында болдым. Сол жердің даласын шөп басып кеткендігіне қарамастан, онда сыналған 460 кеңестік бомбадан қалған кейбір кратерлер әлі де көрінеді, соның ішінде, Сталинге АҚШ-тың ядролық монополиясының аяқталуына мүмкіндік берген 1949 жылғы 29 тамыздағы сынағы. Мен, сондай-ақ, осы жерге ең жақын қаласы Семейдің медициналық колледжіне барып, онда формальдегид құмыраларында сақталған пішіні жоқ ұрықтар, көрші қалалардағы адамдар қандай нәрселерге қатыстырылғандығын білмей, радиациядан қалай зардап шеккендігін көрсетеді. Кейбір қарт адамдар, Кремль басшылығы сынақтарды жер астында өткізуді шешкенше дейін, әр жарылыстан кейін аспанда пайда болатын «өте әдемі саңырауқұлақтарды» әлі есінде сақтайды. Бүгінгі күнге дейін көптеген ядролық сынақтардың денсаулыққа тигізетін әсері белгісіз болып қала береді, бірақ ол ұрпақтан ұрпаққа берілетіні және туа біткен кемістіктерден қатерлі ісіктің әр түріне дейін созылатыны белгілі.
Осы жексенбіде, тағы бір Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күн аталып өтіледі. Біріккен Ұлттар Ұйымы 29 тамызды таңдады, себебі символикалық түрде 1991 жылы дәл осы күні Қазақстанның билігінің шешімімен Семей полигоны жабылды. Бірнеше күн бұрын қатты бағытты ұстанған коммунистер Михаил Горбачевке қарсы ұйымдастырған сәтсіз табанды төңкерістен кейін, сол жылда Кеңес Одағының ыдырауы туралы хабарланған еді, ал жылдың аяғында Қазақстан Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен тәуелсіз республикаға айналды.
Полигон жабылғаннан кейін, оқиғалар тізбегі әлемдегі көлемі жағынан тоғызыншы ел - Қазақстанды ядролық қарусыздану үшін күрестің алдыңғы қатарына шығарды. Назарбаевтың басшылығымен 1995 жылға қарай, ел Кеңес Одағынан қалған барлық қаруды - 1400-ден астам оқтұмсықты Ресейге берді. АҚШ-пен ядролық қаруды таратпау жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім соңғы онжылдықта Қазақстанға Семей топырағының қауіпті аймақтарын оқшаулауға және басқа радиоактивті материалдарды жоюға немесе беруге мүмкіндік берді. Словения территориясы көлеміндей, атақты полигон, сондай-ақ, Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ туралы шарттың қойылуының да орны болды, осы шартқа өңірдің бұрынғы кеңестік бес республикасы (Қазақстаннан басқа, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Тәжікстан) қол қойды. Ал 2017 жылы, Қазақстан, жалғыз бұрынғы ядролық держава Оңтүстік Африка Республикасымен қатар, қазіргі ядролық қаруы бар тоғыз ел арасында дау туғызатын Ядролық қаруды жою туралы шарттың белсенді жақтаушыларының бірі болып, оның мәтінді қолдайтындарына айналды.
Егер, Семей полигоны жабылғаннан бері 30 жыл, сондай-ақ, Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт күшіне енгеннен бері 25 жыл өткенін ескеретін болсақ, онда халықаралық мәтіндер де, қорқынышты жарылыстардан сабақ та (бірінші кезекте 1945 жылы Хиросима мен Нагасакидің бомбалауы, сондай-ақ Қазақстанда, Француз Полинезиясында немесе Маршалл аралдарында болған сынақтар), әлі толық табысқа жеткен жоқ. Пәкістан мен Үндістан 1998 жылы, ал Солтүстік Корея 2006, 2009, 2013, 2016 және 2017 жылдары сынақтарын өткізіп, БҰҰ-ның бес тұрақты мүшесіне (АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания және Франция) және Израильге ғана қатысты ядролық державаның мәртебесін растады.
Онжылдықтар ішінде ядролық мәртебеден бас тарту жағдайлары болғанмен де (Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі жылдардағы Украина сияқты), Бразилия мен Аргентинадан, Ирактағы Саддам Хусейн пен Ливиядағы Муаммар Каддафи әскери диктатура кезіндегі бұл қаруды іздеген елдер әрқашан болғандығы да рас. Қазіргі уақытта ең үлкен күдік Иранға түседі, дегенмен, оның басшылары технологияны тек азаматтық мақсатта игергісі келетінін мәлімдейді (мысалы, біздің көршілеріміз - Испания, Германия және Жапония сияқты). Барак Обама Ақ үйде болған кезде, Америка Құрама Штаттары Иранды бақылауға мүмкіндік берген келісімге келді, бірақ, Дональд Трамп аятоллаларға сенімсіздік салдарынан оны үзіп тастады, ал, осы жылдың қаңтарынан бері, президент Джо Байден келісімді қалпына келтіру үшін қандай талаптар қойылуы керек екендігіне күмәнмен қарайды. Бұған қоса, Израильдің қорғаныс министрі Бенни Ганцтің, екі айдан кейін Иранның қолында бомба болады деген осы аптадағы айыптауы, мәселені күрделендіруде.
Дүниежүзі ерекше аласапыран сәттерді бастан кешіп жатқан уақытта, тіпті егер Талибан қолындағы Ауғанстан ядролық террордан гөрі жиһадтық терроризммен көбірек байланысты болса да, біз Қазақстанның осы 30 жыл ішінде істегендігін бағалауымыз керек: халықаралық қауымдастықтың толыққанды мүшесі болып, азшылықтарды құрметтеуі және «стан» атаумен аяқталатын Орталық Азия мен басқа да елдер туралы біржақты пікірлерді жоққа шығаруға дайын, тұрақты және жауапты мемлекет құру (мемлекетті 2019 жылдан бастап Қасым-Жомарт Тоқаев басқарады). БҰҰ-ның Кабулдағы миссияларын, Ауғанстаннан шамамен 1000 шақырым қашықтықта орналасқан Қазақстанның бұрынғы астанасы Алматыға көшіру туралы шешім қабылдауы кездейсоқтық емес.
Леонидиу Паулу Феррейра, «Диариу ди нотисиаш» газеті бас редакторының орынбасары