Қазақстан 30 жылда: Нұрсұлтан Назарбаевтың бірегейлігін көрсету

Қазақстан 30 жылда: Нұрсұлтан Назарбаевтың бірегейлігін көрсету

Бейресми аударма

Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі бірегейлігі, көп жағдайда оның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың талантты және дипломатиялық ұстанымына байланысты болып отыр. Іс жүзінде, Назарбаевтың ішкі, өңірлік және өңірден тыс мәселелерді шешуге байсалды және парасатты көзқарасы елге кең халықаралық мойындаумен өңірлік көшбасшылыққа қол жеткізуге мүмкіндік берді. Назарбаев, мүдделері мен көзқарастары кейде маңызды болатын өңірлік және өңірден тыс державалардың шетелдік инвестицияларына өзінің теңізге шыға алмайтын және айтарлықтай жас елін ашуда ерекше даналық көрсетті. Сонымен қатар, Назарбаев Қазақстанның Шығыс пен Батыс арасындағы геостратегиялық жағдайынан, сондай-ақ елдің бай табиғи ресурстарынан туындайтын артықшылықтарын халық арасында үйлесімді бөлінуін қамтамасыз етуге тырысты.

Іскерлік ортадан және жұмсақ күштен көрінетін Қазақстанның гүлденуі - Назарбаевтың жоғары тәжірибелі дипломатиясының айқын нәтижесі. Саясаткер немесе дипломаттан гөрі, Назарбаев шын мәнінде өз елінің алдына әлеуметтік және экономикалық мақсаттар қойып отырған көреген адам болды. Ал, оның істері мен көзқарастары, өз кезегінде, қазақстандық халқы тарапынан көп жылдар бойы жылы қабылданды. Шын мәнінде, Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік пен келісім формуласы Қазақстанда конфессияаралық келісімге негізделген ұлтаралық және көпмәдениетті қоғамды құру арқылы жемісті жүзеге асты. Сондай-ақ, оның үстіне елдің бірегей институты - Парламенттің тоғыз депутатын сайлайтын Қазақстан халқы Ассамблеясы - тұрақтылыққа, жаңғыруға және ілгерілеуге бағытталған нақты қадамның тағы бір мысалы.

Назарбаевтың теңдестірілген және бейбіт сыртқы саясаты әлемнің жетекші елдерінің құрметіне ие болды, бұл Америка Құрама Штаттарымен, Қытаймен және Ресеймен өте жақсы қарым-қатынастың сақталуын түсіндіреді. Назарбаев Мәскеумен бұрыннан келе жатқан және дәстүрлі қарым-қатынасқа нұқсан келтірмей, көпвекторлы сыртқы саясат ұстанымын сақтауға тырысты. Бұл деген, Қазақстанға күрделі дипломатиялық тепе-теңдік қалыптастыруға мүмкіндік берді, ол бір мезгілде ресейлік Еуразиялық экономикалық одағының (оның негізін қалаушылардың бірі - Назарбаев), американдық Жаңа Жібек жолы мен қытайлық «Белдеу және жол» бастамасының құрамына кіреді. Қытай үшін Қазақстанның экономикалық маңыздылығының белгісі ретінде (оның ішінде энергетикалық қауіпсіздік тұрғысынан) Си Цзиньпин 2013 жылғы қыркүйекте сол кездегі «Белдеу және жол» бастамасын бастау үшін Астананы таңдады. Кішігірім аспектілерден басқа, мұндай ресми қадам – бұл деген, Қазақстан - Қытай үшін Орталық Азиядағы ең маңызды мемлекет және Шыңжаңмен ұйғыр этникалық байланысы бар екенін мойындау.

2021 жыл - бұл Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығын ғана емес, сонымен бірге, іс жүзінде, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Назарбаевтың көшбасшылығы кезеңін белгілейді. Бұл үш онжылдық Назарбаевтың ерекше бейімделушілігімен сипатталды, ол жаңа әлемдік тәртіпке негізделген динамиканы түсінді. Бұл пікірді Ресейдің Сыртқы істер министрінің бұрынғы орынбасары Григорий Карасин ұстанады: «Назарбаев, тек Қазақстанда және Еуразияда ғана емес, сонымен қатар әлемдік ауқымда болып жатқан саяси үрдістерді көретін санаулы саясаткерлердің бірі» екенін мойындайды. 2021 жыл, сондай-ақ Назарбаевтың көптен бергі және ядролық қаруға қарсы бастамаларының жемісі болып табылатын Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл толуымен сипатталады. Қорытындылай келе, 2021 жыл Президент Тоқаев ұстанған сабақтастық, бейбітшілік пен келісім принциптеріне сәйкес айтарлықтай жас мемлекеттің одан әрі өркендеуінің бірнеше перспективалы мүмкіндіктер жылы болады.

Профессор Паулу Афонсу Б. Дуарте