Қазақстанның Елшісі ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясындағы Португалия делегациясының басшылығымен кездесті

Қазақстанның Елшісі  ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясындағы Португалия делегациясының басшылығымен кездесті

2021 жылғы 27 мамырда Лиссабонда Қазақстанның Елшісі Дәулет Батырашевтың Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламенттік Ассамблеясындағы (ЕҚЫҰ ПА) португалдық делегациясының басшысы, Португалия Парламентінің депутаты Луиш Грасамен және делегация басшысының орынбасары Андре Коэлью Лимамен кездесуі өткізілді.

Сұхбаттасушылар қазақстандық-португал екіжақты қатынастарының, соның ішінде өңірлік және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара әрекеттестіктің даму перспективаларын талқылады. Д.Батырашев Қазақстанның Батыс Еуропадағы маңызды серіктестердің бірі ретінде Португалиямен өзара тиімді қарым-қатынастарды жан-жақты ілгерілетуге үлкен мән беретіндігін баса айтып, парламентаралық дипломатиясының маңыздылығына және заң шығарушы органдар арасындағы байланысты нығайтуға айрықша назар аударды.

Осы орайда, Л.Граса мен А.Коэльо Лима ЕҚЫҰ ПА аясындағы серіктестік келешегіне назар аудара отырып, парламенттік бағытындағы өзара әрекеттестікті кеңейтуге мүдделіліктерін білдірді.

Өз кезегінде, қазақстандық дипломат португал парламентарийлермен екіжақты және көпжақты негізінде алдағы жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді.