
Бейресми аударма
Мемлекет COVID-19 вирусына қарсы барлық сатыларда өзінің вакцинасын шығаратын әлемдегі он елдің қатарына кіреді.
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі дүйсенбіден бастап QazVac деп аталынатын отандық вакцинамен елде COVID-19 індетіне қарсы вакцинация басталғанын хабарлады.
Екпе егудің басталуына орай, Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев SARS-CoV-2 індетіне қарсы өз вакцинасын жасап шығарған санаулы елдердің бірі екенін атап өтті және оны әзірлеуге қатысқан ғалымдар мен барлық мамандарға алғысын білдірді.
Дәрі-дәрмекті алғашқылардың бірі болып қабылдаған Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой да «Қазақстан өз вакциналар өндірісін іске қосқан 10 елдің бірі және вакциналарды шығарудың толық циклін - әзірлеуден бастап қолдануға дейін өз бетінше игерген әлемнің бес елдің қатарына кіреді, бұл - үлкен жетістік», – делінген баспасөзге жіберілген хабарламада.
Қазақстанның Лиссабондағы Елшісі Дәулет Батырашев «Diário de Notícias» газетіне: «QazVac өндірісі - бұл біздің мақтанышымыз, сондай-ақ елдің ғылыми және өндірістік әлеуетінің айқын дәлелі» деп айтқан.
QazVac вакцинасы бейтараптандырылған вирус негізінде жасалған. Клиникалық сынақтардан кейін оның тиімділігі 96% құрады. Қазіргі уақытта сынақтың үшінші кезеңі жүріп жатыр.
27.04.2021