Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

2020 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша сайлау науқаны аясында партиялық тізім негізінде депутаттыққа кандидаттарды тіркеуді аяқтағанын хабарлаймыз.

ҚР ОСК бес саяси партияны партиялар тізіміне тіркеді, барлығы 312 кандидат тіркелді: «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 19 адам; «NurOtan» партиясы - 126 адам; «ADAL» Саяси партиясы - 16 адам; «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясы - 38 адам; «Қазақстан Халық партиясы»  - 113 адам.

Сайлау алдындағы бағдарламалары мен саяси партиялар кандидаттарының тізімі туралы мәліметтері бар кестемен қосымшада танысуға болады.

Атап өтерлігі, сайлаушылар тізімінен өзіңізді тексеру үшін ҚР Португалиядағы Елшілігінің телефон номерлері: + 351 211 621 690, + 351 211 621 691 бойынша және lisbon@mfa.kz, consul.lisbon@mfa.kz электрондық пошта арқылы біле аласыз.

Португалия аумағында уақытша немесе тұрақты тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар Қазақстан Республикасының азаматтары ҚР Испания Корольдігіндегі Елшілігі  жанындағы №270 сайлау учаскесіне тіркелетін болады. Осы орайда, Португалиядағы ҚР азаматтары сайлауда 2021 жылғы қаңтарда жергілікті уақыт бойынша 8.00-ден 14.00-ге дейін Лиссабон қ., Rua Pero da Covilhã көшесі 20, 1400-297, мекенжайында орналасқан ҚР Португалиядағы Елшілігінде қатыса алады.

2021 жылғы 10 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауына қатысатын партиялар тізімі

№

 

Партия атауы

Сайт

Сайлауалды бағдарлама

Кандидаттар тізімі

1

«Adal»

https://adalpartiyasy.kz/

 

https://adalpartiyasy.kz/program

 

https://www.inform.kz/ru/partiya-adal-opredelila-spisok-kandidatov-v-deputaty-mazhilisa_a3720625

 

2

«Ақ-жол»

https://akzhol.kz/ru/

 

https://akzhol.kz/aq-zhol-demokratiyalyq-partiyasynyng-toeraghasy-azat-perwashevting-xvi-quryltajda-partiyanyng-sajlawaldy-baghdarlamasy-bojynsha-soejlegen-soezi/

https://akzhol.kz/ru/migrated_3120/

 

3

«Ауыл»

https://auyl.kz/

 

https://auyl.kz/program

 

https://auyl.kz/news/11vruchenieudostoverenii/

 

4

«Нұр-Отан»

https://nurotan.kz/?lang=kz

 

https://nurotan2021.kz/program/

 

https://nurotan2021.kz/elections/

 

5

Қазақстан халық партиясы (бұрынғы Қазақстан коммунистік халық партиясы).

https://qhp.kz/kk/

https://qhp.kz/Docs/PartyProgramKZ.pdf

 

 

https://www.inform.kz/ru/opredelen-spisok-kandidatov-v-deputaty-mazhilisa-ot-narodnoy-partii-kazahstana_a3721829