Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауына қатысты

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауына қатысты

ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

 

Қазақстан Республикасы Президентінің ү.ж. 21 қазандағы №439 Жарлығына сәйкес, 2021 жылғы 10 қаңтарда (жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00 дейін) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы өтеді.

 

Қазақстанның 18 жасқа толған және белсенді құқығына ие әрбір азаматының ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауға конституциялық құқығы бар.

Сіздің аты-жөніңіздің сайлаушылар тізімінде болуы осы құқығыңызды жүзеге асыруға кепілдікті береді.

 

Шетелде Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлау құқығын қамтамасыз ету үшін 53 мемлекетте 66 сайлау учаскесі (https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/121879?lang=kk) ашылады.

Португалия аумағында уақытша немесе тұрақты тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар Қазақстан Республикасының азаматтары ҚР Испания Корольдігіндегі Елшілігі  жанындағы №270 сайлау учаскесіне тіркелетін болады.

 

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

 

Сіздерді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін Португалия аумағындағы әрбір азамат өзіне қатысты деректерді (Аты-жөні, ЖСН, тұратын мекенжайы, байланыс деректері)  lisbon@mfa.kz, consul.lisbon@mfa.kz электрондық мекенжайға «Сайлау-2021» белгісімен алдын ала жіберу қажет.

 

Қосымша сұрақтарыңыз болған жағдайда Қазақстан Республикасы Португалиядағы Елшілігінің келесі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз:

+ 351 211 621 690

+ 351 211 621 691

 

Құрметпен,

 

ҚР Португалиядағы Елшілігі