
Португалияда соңғы апталарда COVID-19 жағдайлары санының өсу тенденциясын ескере отырып, сондай-ақ 2020 ж. 22 қазандағы ЕО Кеңесінің 2020/1551 ұсыныстарына байланысты Португалия билігі әуе қозғалысына шектеу шараларын 15 қарашаға дейін ұзартады.
COVID-19 індетімен күресуіне қарсы Португалия әуе қозғалысына байланысты негізгі шаралары:
- Еуропалық Одақ елдеріне, Шенген аймағы елдеріне (Лихтенштейн, Норвегия, Исландия және Швейцария) және ЕО мен Ұлыбритания арасындағы шығу туралы келісім шарттарына сәйкес Ұлыбританиядан барлық рейстерге Португалияға ұшып келуге және ұшуға рұқсат етіледі.
- Эпидемиологиялық жағдайы 2020 жылғы 22 қазандағы ЕО Кеңестің 2020/1551 ұсынымдарына сәйкес келетін және осы құжаттың және оның құрамдас бөлігі болып табылатын қосымшасында келтірілген елдер мен арнайы әкімшілік аймақтардың Португалиямен әуе қатынасына қатысты ұшуына, сондай-ақ осы тізімге енбеген елдерде орналасқан әуежайларда транзиттік немесе халықаралық тасымалдауды жүзеге асырған тізімге енгізілген елдердің резиденттерінің Португалияға кіруіне рұқсат етіледі.
- Еуропалық Одаққа кірмейтін немесе Шенген аймағынан тыс елдердегі барлық рейстерге, тек қажетті саяхат үшін Португалияға және Португалиядан әуе тасымалына рұқсат етіледі: Еуропалық мүше мемлекеттердің бірінде заңды түрде тұратын үшінші елдердің азаматтары немесе іскерлік, академиялық, отбасылық, медициналық немесе гуманитарлық себептермен саяхаттауға рұқсат етіледі.
- Португалияда тұруға ықтиярхат иелерінің, сондай-ақ гуманитарлық рейстердің, сондай-ақ Португалиядағы шетелдік азаматтардың тиісті елдерге оралуына арналған рейстердің ұшуына рұқсат етіледі.
- Әуежайдан кетпейтін транзиттік жолаушыларды қоспағанда, үшінші елдерден сапар шегетін рейстердің жолаушылары отырғызу алдында, қону сәтіне дейін 72 сағат ішінде жасалған SARS-CoV-2 вирусының теріс нәтижесі бар анықтамалар (RT-PCR) ұсынуы қажет. Болмаған жағдайда ұшаққа отыра алмайды.
- Үшінші елдерден келетін рейстердің немесе гуманитарлық рейстердің жолаушылары болып табылатын Португалияда заңды түрде тұратын елдің азаматтары мен шетелдік азаматтар және олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ Португалияда шоғырланған дипломатиялық қызметкерлер, ерекше жағдайларда, SARS-CoV-2 зертханалық тексеруден өткендігі туралы теріс нәтижесі бар растауы жоқ болған жайдайларды, алдыңғы тармақтың шарттарына сәйкес, құзыретті органдармен ұлттық аумаққа келгеннен кейін аталмыш тестті өз есебінен өткізуге жіберіледі.
- Ұлттық аумаққа келгеннен кейін тестілеуден бас тартқан азаматтарға алдыңғы тармақтың шарттарына сәйкес Көші-қон қызметімен 48 сағат ішінде өз қаражаты есебінен тестілеуді өткізу қажеттілігі туралы және олардың бағынбауымен және жұқпалы аурулардың таралуымен құқық бұзушылыққа қатысуы мүмкін екендігі туралы жедел хабарланады.