
Жарияланымның авторы: Леонидиу Паулу Ферейра, «Диариу ди нотисиаш» газетінің бас редакторы.
Бейресми аударма
Америка Құрама Штаттары және американдық қоғамның ең реакциялық аспектілері - Борат фильмдеріндегі Саша Барон Коэннің нысаналары. Алайда, қазірдің өзінде сиквелде және он жарым жыл бұрын, болжалды қазақстандық журналистің қатысуымен алғашқы фильм шыққан кезде, оны ілесіп жүрген бір құрбаны бар - Қазақстан. Иә, Бораттың елі шынымен де бар, ол жер көлемі бойынша әлемдегі тоғызыншы орында, ал онда Байқоңыр ғарыш айлағын да, алма шыққан жері Алматы маңындағы тауларды да таба аласыз.
Ол бұрынғы кеңес республикасы, тәуелсіз мемлекет ретінде небәрі 30 жыл, бірақ оның тарихы әлдеқайда ежелгі дәуірден басталады, ал моңғолдардың кейіпкері Шыңғыс хан қазақ ұлтының да бабасы болып саналады. Қазақстанның мақтаныштарының бірі - бұл өз жерінде жылқыны алғаш рет қолға үйреткен, бәлкім, мың жыл бұрын барлық құрлықтық империялардың ішіндегі ең ірісін құруға мүмкіндік берген бұл білікті садақшылар мінген кішкентай жылқылар шығар.
Мен, осыдан бір жыл бұрын Қазақстанға барған едім. Нұр-Сұлтанда ел басшылары ұмтылған заманауи жағдайды көрдім, мысалы, американдық сәулетшісі Норман Фостер жасаған сауда орталығы орналасқан үлкен киіз үйді. Тәуелсіздіктің негізін салушысының құрметіне атын өзгертілген Астана кез-келген елордасы сияқты Жайықтың екі жағында орналасқан, Португалиядан 30 есе үлкен елдің абсолютті айнасы болмауы да мүмкін, бірақ, исламды қабылдағанға дейін және қабылдағаннан кейін түркі халықтарына тән әйелдердің құқықтарын құрметтейтін және басқаларға төзімділікпен қарайтын дамыған қоғамды көрдім. Мен, сондай-ақ патша әскерлерінде қызмет еткен орыстардың ұрпақтарынан бастап, Сталин жер аударған корейлерге дейін бүкіл территорияға шашырап кеткен жүзден астам ұлт өкілдерінің бірге өмір сүргендігін көрдім.
«Борат 2» күлдіреді. Саша Барон Коэн – «кемеңгер». Американы сынауы өте қатты. Актер ретінде де ол көп тұрады, тек оның Сирия министрінің орынбасары болатын Израиль тыңшысы туралы түсінігін ойлаңыз (шынайы оқиға). Бірақ мен өзімді қазақтың орнына қойсам, кейбіреулерімен де таныспын, олардың ыңғайсыздық сезімдерін түсінемін. Олар Борат 1 және 2 ойлануға түрткі ете алатын мисогинистер немесе ксенофобтар емес, тіпті антисемиттер де емес. Журналистің туған ауылында көрсетілгендер, шын мәнінде шығыстан келген сығандар және Румынияда түсірілді.
Журналист Борат әйелдерге қатысты - олардың көлікке отырмауы керек дейді, бірақ соңында ол қызын ұлдарынан көрі жақсы көретінін мойындайды - олардың сегізі Рио-де-Жанейродағы ойындарда Олимпиада медальдарын жеңіп алды, тек елдің ер спортшыларынан екіге аз.
Егер Борат, Эрженің стратегиясын ұстанып, өзінің Тинтиннің оқиғалары үшін Сильдавияны ойлап тапқандай, Абсурдистаннан келген болса, дәл осындай нәтижеге жетер еді деп сенемін. Мұнай мен газдың және ресурстарды дұрыс басқарудың нәтижесінде әлемдегі ең дамыған 50 елдің ішіндегі 18 миллион халықтың алдында құрбандық болмас еді.
Британдық әзілкештің фильмдері әкелген даңққа қарсы тұру үшін қазақтар күш салмады деп айтуға болмайды. Біреулер бойкот жариялауға шақырса, енді біреулері Бораттың орнын алмастыратын шын мәніндегі журналист нағыз Қазақстанды көрсететін видеоны түсіруде. Тіпті оны елге келуге шақырған. Бір министр Қазақстанға деген қызығушылық артқанын мойындады, бұл туристер санынан көрінеді. Бірақ осы соңғы фильмдегідей, Трамптың Америкасын қатты сынға алу тағы да басқалардың есебінен күлкіге ұласатындығымен келісу қиын. Ия, бұл шығармашылық еркіндік. Ия, бірақ нысаналар, әсіресе ондай болмайтындар, риза болмауы керек. Ең сорақысы, билік қаншалықты наразылық білдірсе, фильмнің өзі соншалықты көпшілікке танымал бола бастайды. Ол тиімді емес.
Қазақстанда мен португалдық ері мен қазақтың әйелі құрған отбасында туылған қызбен таныстым. Ол екі мәдениетте тәрбиеленген және екі тілде де сөйлейді. Мен, оның өзінің португалдық тамырларымен, теңіз халқымен, сондай-ақ өзінің қазақ тамырларымен, дала халқымен мақтанатынын білемін. Сондай-ақ, Боратты тамашалайтындарға 2020 жылы 175 жылдығы атап өтілетін қазақтың ұлы ақыны Абайды оқуды немесе YouTube-ті толтырған қазақтың дауысы, заманауи әнші Димашты тыңдау қызықты болады деп сенемін. Осы пандемия аяқталғаннан кейін, Қытай мен Ресей арасындағы ежелгі Жібек жолының дәл ортасында орналасқан елге саяхаттаңыз. Нұр-Сұлтан мұражайында «Алтын адам» - ерекше археологиялық олжа қойылған.
Қазақстан - Ұлы мемлекет. Барлық мағынада, және олардың бірі, мен сияқты Хиросима мен Нагасакиге барған адамдар үшін өте маңызды. 2019 жылы Назарбаев қызметінен кеткеннен кейін сайланған Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен, өзінің кеңестік арсеналынан бас тартқан және оның аумағында атом бомбасының сынақтары өткен Қазақстан ядролық қаруды жою жөніндегі халықаралық күш-жігерді басқарады.