
2020 жылғы 13 қазанда Лиссабонда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» және ұлы Абай Құнанбайұлының «Қара сөздері» португал тілінде шыққан кітаптардың тұсаукесері өткізілді.
Іс-шара және Португалияның ұлттық кітапханасының Бас директоры Мария Инеш Кордейрумен кездесу барысында Қазақстанның Елшісі Дәулет Батырашев «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы португалдық оқырмандарына мемлекетіміздің қалыптасу тарихымен және ҚР Тұңғыш Президентінің Қазақстанның тәуелсіздігі мен мемлекеттілігін нығайту туралы стратегиялық пайымымен, заманауи мемлекет құруға ықпал еткен Елбасының маңызды шешімдерімен танысуға мүмкіндік беретіндігін атап өтті.
Абайдың шығармашылығы туралы айта отырып, қазақстандық дипломат, биылғы жылы қазақтың ұлы ақыны, композиторы, ағартушысы, ойшылы, қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушысының 175 жылдығын атап өтіп жатқандығын жеткізді. «Қазақ Камоэнш» - Абай Құнанбайұлының басты шығармасы «Қара сөздері» португалдық оқырмандары кеңінен қабылдайтындығына сенім білдірді.
Сонымен қатар, Португалияның ұлттық кітапханасының қорына Қазақстан туралы, еліміздің Тұңғыш Президенті туралы көптеген кітаптар, португал тілінде шыққан соңғы басылымдар, соның ішінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы, сондай-ақ ҚР-да азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы тапсырылды.
Бұл тұрғыда, Лиссабонда қазақ әдебиеті мен мәдениеті орталығының ашылуына ерекше назар аударылды. Қазақстандық дипломат осындай жобаларды әлемде жүзеге асыру жөнінде егжей-тегжейлі айтты.
Өз кезегінде, Мария Инеш Кордейру екі елдің мәдениеті мен әдебиеті саласындағы ынтымақтастықтың дамуын құптап, қазақ туындылары Португалия кітапханасының үлкен кітап қорына енетіндігін және олардың жанкүйерлерін табары сөзсіз екендігін пайымдады. Ол екі ел халықтары арасындағы достық пен мәдени алмасуды дамытуға ықпал ететін бірлескен жобаларды жүзеге асырудың жемісті болатынына сенім білдірді. Сондай-ақ, оқырман қауымын кеңірек қамту мақсатында Қазақстан туралы кітаптар Порту, Коимбра және Эвора қалаларының кітапханаларына таратылатындығына сендірді.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы мен Португалия ұлттық кітапханасы арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою мүмкіндігі жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.
Анықтама үшін: Португалияның Ұлттық кітапханасы 1796 жылы құрылды. Ол елдегі ең үлкен кітапханасы болып отыр. Елдің библиографиялық мұраларын жинауға, өңдеуге, сақтауға және оны зияткерлік пен ғылыми қауымдастыққа қол жетімді етуге жауапты. Кітапхананың жалпы қорын XVI-XXI ғасырларда шыққан 3 миллионнан астам кітап, сондай-ақ тарихи жарғылар мен географиялық карталар, суреттер, музыкалық партитуралар және аудио құжаттар құрайды.
Ұлттық библиографиялық агенттік ретінде, кітапхана ең үлкен библиографиялық мұраның депозитарийі болып, шығарылатын басылымдардың міндетті даналарын сақтауына жауапты.