Нұсқаулық
Шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын студенттер тұрақты сақтандыру мәртебесін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында қалай ала алады?
1-қадам. Электрондық үкіметтің egov.kz сайтына өтіп, жүйеге тіркеліңіз;
2-қадам. «Қызметтер» бөлімінен «Шетелде оқитын студенттерді тіркеу» тармағын таңдаңыз;
3-қадам. Өтінішті толтырып, оған электрондық цифрлық қолтаңбамен немесе SMS құпия сөзімен қол қойыңыз;
4-қадам. Өтінім өңдегеннен кейін жеке кабинетіңізге хабарлама жіберіледі.
* тиісті орган деректерді тексеріп, студент мәртебесін жаңартқаннан кейін Сіз сессия аяқталғанға дейін сақтандырыласыз. Әр сессиядан кейін студент қайтадан egov.kz электрондық үкімет порталында тіркелуі керек.