Меню

Страницы

Статья

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

2018 ж. наурызда Лиссабон қаласында ҚР Халық әртісі А.Мұсақожаеваның концерті өтті.

2019 ж. шілдеде TURKSOY Жастар камералық хоры Лиссабонда өткен Халықаралық хор музыкасы фестиваліне қатысты.

2019-2020 жылдары қазақстандық студенттер ҚазҰӨУ мен Лузофония гуманитарлық-технологиялық университеті арасындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде магистратура курстарында білім алды.

2022 ж. «Қазақ хандығы: Алмас қылыш» көркем фильмі бас жүлдеге ие болды және «Ең үздік режиссерлік жұмыс» номинациясы бойынша бас жүлдеге иемденді, сондай-ақ «Жаужүрек мыңбала» кинокартинасы осы фестивальге 2023 жылы қатысты. Қазақстандық режиссерлердің кинокартиналары BRAGACINE Халықаралық тәуелсіз кинофестиваліне тұрақты түрде қатысып келеді.

2023 ж. Порту, Брага және Лиссабон қалаларында Қазақстанның Forte-Trio Мемлекеттік камералық ансамблінің концерттері өтті.

2023 ж. Kazakhstan-Like Never Before қазақстандық ролигі Португалиядағы 16-шы Халықаралық ART&TUR туристік кинофестивалінің «Ең үздік елдік ролик» және «Ең үздік жарнамалық науқан» бірдей 2 басты категориясында жеңімпаз атанды.

2025 ж. қаңтарда Лиссабондағы тарихи «Орланду Рибейру» кітапханасында қазақстандық «Жаңғақ тал» фильмінің көрсетілімі өтті.

Португалиямен академиялық байланыстарды кеңейту мақсатында ынтымақтастық туралы бірқатар екіжақты құжаттар жасалған:

- 2011 ж. әл-Фараби ат. ҚазҰУ, Лиссабон Инженерлік институты және Лиссабон университеті арасындағы тағылымдамалар, білім беру бағдарламалары және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша;

- 2019 ж. ҚазҰӨУ мен Жаңа Лиссабон университеті арасында академиялық ұтқырлық шеңберінде оқушылар мен оқытушылар алмасу бойынша;

- 2020 ж. Түркістан қаласының халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті мен Алгарве университеті арасында, сондай-ақ жоғарыда аталған қазақстандық жоғары оқу орны мен Минью университеті арасында.

- 2022 ж. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы мен ПР СІМ Дипломатия институты арасында дипломатиялық персоналды даярлау, бірлескен зерттеулер жүргізу, ақпарат және құжаттармен алмасу бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Дата публикации
20 февраля 2020
Дата обновления
20 февраля 2020
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Ақпарат
22 мая 2025
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету
Ақпарат
22 мая 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау
01 апреля 2025
Қазақстан Елшісі сенім грамоталарын Португалия Президентіне табыстады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары