|
Визалық сұрақтар:
|
- Қазақстан мен Португалия арасында визалық режим орнатылған.
- «Еуропа Одағының кейбір елдерінің арасында кедендік паспорттық тексеруді алып тастау» туралы Шенген келісімі 26 мемлекетті қамтиды: Аустрия, Бельгия, Мажарстан, Греция, Дания, Германия, Исландия, Испания, Италия, Латвия, Литва, Люксембург, Лихтенштейн, Нидерланд, Норвегия, Мальта, Польша, Португалия, Словакия, Словения, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция, Швейцария және Эстония.
Қысқа мерзімді шенген визаларының тәртібі Шенген аймағына кіретін барлық елдерде бірдей. Бір мәртелік визамен Шенген аймағына визаны берген консулдық мекеменің елі арқылы ғана кіруге рұқсат етіледі. Мысалы, сіз визаны Францияның консулдығынан алсаңыз, онда кез-келген Шенген еліне тек Франция арқылы бара аласыз.
- Португалияғы кіру визаларын (өзара келісім бойынша) Астанадағы Аустрия Елшілігі рәсімдейді.
|
|
Паспорттың жарамдылығы:
|
- Паспорттың жарамдылық мерзімі сапар аяқталғаннан кейін кем дегенде 6 айға дейін жарамды болу керек..
|
|
Кедендік бақылау:
|
-
Кедендік рәсімдер және тыйым салынған заттар: Португалияға сапар шеккен азаматтар аталған мемлекеттің кеден заңнамасына толық көлемде бағынады. Кедендік талаптарды сақтамау әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.
-
Міндетті кедендік декларациялау: Қолма-қол ақша: Еуропалық Одақтың шекарасынан өткен кезде 10 000 еуродан астам (немесе соған тең басқа валютадағы) қолма-қол ақша немесе оған балама құндылықтар міндетті түрде кеденде декларациялануы тиіс.
Тауарлар: Шекті мөлшерден немесе құннан асатын тауарлар (жеке пайдалануға арналмаған немесе коммерциялық сипаттағы) кедендік рәсімдеуден өтіп, сәйкес баж салығы мен қосылған құн салығы (ҚҚС) төленеді.
Жеке мүлік: Португалияға ұзақ мерзімді қоныс аударған жағдайда, азамат жеке пайдалануға арналған заттарды кедендік рәсімдеуден өткізуі тиіс. Бұл үшін мынадай құжаттар ұсынылады: паспорт, заттар тізімі, тұрақты тұру мекенжайы туралы анықтама, кедендік декларация, тұрғылықты тұру құқығын растайтын құжат (мысалы, тұруға рұқсат немесе еңбек шарты).
-
Португалияға әкелуге тыйым салынған заттар: Жануар тектес өнімдер (ет, сүт және олардан жасалған тағамдар) — ЕО-ға кірмейтін елдерден әкелуге тыйым салынған.
Қорғалатын жануарлар мен өсімдіктерден жасалған бұйымдар (піл сүйегі, тасбақа қабығы, маржан, сирек ағаш түрлері және т.б.).
Есірткі заттар мен психотроптық дәрілер.
Қару-жарақ, оқ-дәрі, жарылғыш заттар.
Порнографиялық мазмұндағы материалдар.
Жалған немесе контрафакт тауарлар.
Радиоактивті материалдар.
-
-
Әкелуге шектеу қойылған заттар: Қару-жарақ пен оқ-дәрі – арнайы рұқсатты талап етеді.
Үй жануарлары – мысық, ит немесе күзен Португалияға енгізілген жағдайда микрочип немесе татуировка болуы қажет; құтырмаға қарсы екпе жасалғанын растайтын ветеринарлық куәлік қажет; ЕО-ға кірмейтін елдерден әкелінсе – алдын ала ветеринарлық қызметке хабарлау міндетті.
Дәрі-дәрмектер – жеке пайдалануға рұқсат етіледі. Егер мөлшері бір айлық нормадан асса – рецепт немесе медициналық қорытынды талап етілуі мүмкін.
Азық-түлік өнімдері – кейбір тағам түрлерін әкелуге шектеу қойылуы мүмкін (әсіресе жануар немесе өсімдік тектес өнімдерге қатысты).
-
Баж салығынан босатылған әкелім нормалары: ЕО-ға кірмейтін елдерден келген жеке тұлғалар үшін:
Темекі өнімдері (тек бір категорияда таңдау жасауға болады): 200 дана сигарет немесе 100 дана сигарилла немесе 50 дана сигара немесе 250 г темекі.
Алкогольді ішімдіктер: 1 литр 22%-дан жоғары градусы бар ішімдік немесе 2 литр 22%-ға дейінгі ішімдік, сонымен қатар 4 литр шарап және 16 литр сыра.
Басқа тауарлар: әуе немесе теңіз көлігімен келгендер үшін — жалпы құны 430 еуроға дейінгі тауарлар; жер үсті көлігімен келгендер үшін — 300 еуроға дейін; 15 жасқа дейінгі тұлғалар үшін — 150 еуроға дейін.
-
Елден әкетуге шектеу қойылғандар: Бағалы бұйымдар мен зергерлік әшекейлер – елге кірген кезде декларациялануы тиіс.
Мәдени-тарихи құндылықтар – арнайы рұқсатсыз шығаруға тыйым салынған.
CITES Конвенциясына кіретін жануарлар мен өсімдіктер – халықаралық рұқсаттамалар қажет.
- Пайдалы сілтемелер:
• Португалияның туристік порталы: visitportugal.com • Әуежайдың кедендік ақпараты: aeroportolisboa.pt
|
|
Медициналық сақтандыру:
|
- Медициналық сақтандыру полисін сатып алуы сапар кезінде жазатайым оқиғадан сақтандыруға және сақтандыру жағдайы басталған кезде күтпеген медициналық шығындардан аулақ болуға мүмкіндік береді.
«Туристі міндетті сақтандыру туралы»
|
|
Эпидемиялық ахуал:
|
- Португалияда эпидемиялық ахуал қазіргі кезде оңтайлы.
|
|
Португалиядағы мінез-құлық нормалары және жалпы ережелер:
|
-
Португалияда болған уақытта осы елдің заңдарына толықтай бағыну және оларды сақтау қажет. Ел заңнамасын білмеу жауапкершіліктен босатпайды. Қоғамдық тәртіпті, жол қозғалысы ережелерін, санитарлық нормаларды немесе елде болу тәртібін бұзу – әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.
-
Жалпы мінез-құлық ережелері:
• Әдеп пен моральдың жалпыға ортақ нормаларын сақтаңыз, жергілікті халықтың мәдениетіне, дәстүрлеріне және діни нанымдарына құрметпен қараңыз. • Португалияда сыпайы және сабырлы мінез-құлық жоғары бағаланады. Агрессия, дауыс көтеріп сөйлеу және қоғамда орынсыз әрекеттер – қолайсыздық тудырады және қабылданбайды.
-
Қоғамдық мінез-құлықтың ерекшеліктері:
• Кезек – қатаң сақталады. Кезексіз өтуге тырысу – теріс қабылданады. • Темекі шегу – қоғамдық ғимараттарда, көлікте және кейбір ашық алаңдарда тыйым салынған. • Іскерлік кездесулерге кешігу – құпталмайды. Бейресми жағдайда аздап кешігуге төзімділік танытылады. • Киім үлгісі – жинақы әрі ұқыпты стильге басымдық беріледі, әсіресе шіркеулерге, мемлекеттік мекемелерге немесе мейрамханаларға барғанда.
-
Дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар:
• Португал халқы – қонақжай, бірақ өз еліне деген құрметті күтеді. • Сәлемдесу кезінде – әдетте қол алысу кең таралған. • Қоғам ішінде сезімдерді білдіру қалыпты шектеуде рұқсат етіледі, алайда шектен тыс әрекеттер – жағымсыз әсер қалдыруы мүмкін.
-
Тіл:
• Ресми тіл – португал тілі. Күнделікті қарым-қатынаста қолданылатын негізгі сөз тіркестерін білуіңіз – жергілікті тұрғындар тарапынан құрмет ретінде қабылданады:
Bom dia ! — Қайырлы таң! Obrigado (ер) /Obrigada (әйел) - Рақмет! Por favor - Өтінемін.
• Ағылшын тілі – әсіресе туристік аудандарда кеңінен таралған.
|
|
Пайдалы ақпарат:
|
-
Сапар алдында мыналарға көңіл бөліңіз:
• Елдегі саяси және санитарлық-эпидемиологиялық жағдаймен алдын ала танысыңыз. • Сапар жасайтын өңірдің климаттық ерекшеліктерін біліп алыңыз (мысалы, жаз – әсіресе оңтүстікте – өте ыстық болуы мүмкін, ал қыс – жұмсақ, бірақ ылғалды). • Автокөлік жалдау, сақтандыру, тұру тәртібі және медициналық көмек көрсетуге қатысты заңдар мен ережелермен алдын ала танысыңыз.
|
|
Шетелге оқуға, жұмысқа немесе тұрақты тұруға барған жағдайда
|
- Құжаттарыңызды алдын ала заңдастыру немесе апостиль қою керек. Бұл, ең алдымен, білім туралы құжаттарға, АХАТ органдары берген куәліктерге, мүліктік қатынастарға және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелеріне қатысты құжаттарға қатысты.
|
|
Консулдық есеп туралы:
|
- Оқу, жұмыс немесе тұрақты тұру мақсатында шет мемлекетке келген қазақстандық азаматтарға жақын жердегі қазақстандық дипломатиялық өкілдікте немесе консулдық мекемеде консулдық есепке тұру ұсынылады.
- Консулдық есепке қою Қазақстанға бармай-ақ көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді (сайлау мен референдумдарға қатысу, паспортты ресімдеу, азаматтық хал актілерін тіркеу және т.б.), сондай-ақ болу мемлекетінде әскери іс-қимылдар, жаппай тәртіпсіздіктер, дүлей зілзалалар туындаған жағдайда сіздің эвакуацияңызды жеңілдетеді.
|
|
Құқық қорғау органдарымен ұсталған жағдайда сіздің іс-әрекетіңіз:
|
- Күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда (жергілікті құқық қорғау органдарының ұстауы, басқа адамдар тарапынан қорқыту, жол-көлік оқиғалары және т.б.) Сіз болу мемлекетінде қазақстандық консулдық мекеменің қызметкерімен кездесуді талап етуге құқығыңыз бар.
- ҚР консулдық мекемесінің қызметкерлері болмаған кезде шет тілінде қандай да бір Хаттамаларға және өзге де құжаттарға қол қоймаңыз.
|