Меню

Страницы

Статья

Шет елге шығатын ҚР азаматтары үшін жаднама

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

Бұл жадынама ҚР-ның Кувейт Мемлекетіне шығатын азаматтарына арналған және шетелдегі саяхат кезінде қиындықтарға ұшырмау үшін жалпы қағидалар мен кеңестерді қамтиды.

Визалық сұрақтар:

  • Қазақстан мен Кувейт арасында визалық режим орнатылған

Паспорттың жарамдылығы:

  • Паспорттың жарамдылық мерзімі сапар аяқталғаннан кейін кем дегенде 6 айға дейін жарамды болу керек.

Кедендік бақылау:

  • Шошқа етін, алкогольдік ішімдіктерді, ойын машиналарын, есірткі құралдарын, атыс қаруын және суық қаруды әкелуге тыйым салынады.

Медициналық сақтандыру:

  • Медициналық сақтандыру полисін сатып алуы сапар кезінде жазатайым оқиғадан сақтандыруға және сақтандыру жағдайы басталған кезде күтпеген медициналық шығындардан аулақ болуға мүмкіндік береді.

    «Туристі міндетті сақтандыру туралы»

Қалыптасқан тәртіп нормалары:

  • Қол жетімді электрондық төлем жүйелері – KNET, Apple pay, сондай-ақ Visa, MasterCard банк карталары.

Шетелге оқуға, жұмысқа немесе тұрақты тұруға барған жағдайда

  • Құжаттарыңызды алдын ала заңдастыру немесе апостиль қою керек. Бұл, ең алдымен, білім туралы құжаттарға, АХАТ органдары берген куәліктерге, мүліктік қатынастарға және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелеріне қатысты құжаттарға қатысты.

Консулдық есеп туралы:

  • Оқу, жұмыс немесе тұрақты тұру мақсатында шет мемлекетке келген қазақстандық азаматтарға жақын жердегі қазақстандық дипломатиялық өкілдікте немесе консулдық мекемеде консулдық есепке тұру ұсынылады.
  • Консулдық есепке қою Қазақстанға бармай-ақ көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді (сайлау мен референдумдарға қатысу, паспортты ресімдеу, азаматтық хал актілерін тіркеу және т.б.), сондай-ақ болу мемлекетінде әскери іс-қимылдар, жаппай тәртіпсіздіктер, дүлей зілзалалар туындаған жағдайда сіздің эвакуацияңызды жеңілдетеді.

Құқық қорғау органдарымен ұсталған жағдайда сіздің іс-әрекетіңіз:

  • Күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда (жергілікті құқық қорғау органдарының ұстауы, басқа адамдар тарапынан қорқыту, жол-көлік оқиғалары және т.б.) Сіз болу мемлекетінде қазақстандық консулдық мекеменің қызметкерімен кездесуді талап етуге құқығыңыз бар.
  • ҚР консулдық мекемесінің қызметкерлері болмаған кезде шет тілінде қандай да бір Хаттамаларға және өзге де құжаттарға қол қоймаңыз.

Сізге сәтті сапар тілейміз!

 

Дата публикации
01 апреля 2025
Дата обновления
22 мая 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
01 апреля 2025
Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелері
Ақпарат
01 апреля 2025
Шет елге шығатын ҚР азаматтары үшін жаднама
Ақпарат
31 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы