«Қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы

Нұр-Сұлтан қаласы город Нур-Султан

«Қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы

2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған «Қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.
  2. Мыналардың:

1) «Қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 11-1-2/422 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15899 болып тіркелген, 2017 жылғы 23 қазанда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған).

2) «Қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2018 жылғы 7 ақпандағы № 11-1-4/38 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16401 болып тіркелген, 2018 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Цифрландыру департаменті:
  2. осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
  3. осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;
  4. осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
  5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарына жүктелсін.
  6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы

 

Аты-жөні

«КЕЛІСІЛДІ»      

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»      

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар және

аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Дата публикации
14 мая 2020