
Куала-Лумпур, 2020 жылғы 26 маусым, - Қазақстан Республикасының Куала-Лумпурдағы Елшілігінің қолдауымен малайзиялық «Minetech Resources Berhad» (MRB) және «Hadid Oil & Gas LLP» (Hadid) құрылыс және мұнай-газ салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру шеңберінде өзара түсіністік туралы Меморандумға (Меморандум) қол қойды.
Меморандумға ҚР Елшісі Б.Иманбаев және «MRB» компаниясының Басқарма төрағасы Д.Пенгиран Путердің қатысуымен «MRB» Атқарушы директоры М.Чин және «Hadid» Бас директоры С.Ариффин қол қойды.
Іс-шара барысында Елші Б.Иманбаев малайзиялық кәсіпкерлерді екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, қазақстандық инвестициялық жобаларды іске асыруға шақырды. Сонымен бірге, Малайзиядан Қазақстанға жаңа технологиялар трансфертіне қызығушылық білдірді.
«MRB» Атқарушы директоры М.Чин компанияның бизнесті кеңейтуде және «MRB» жаңа халықаралық нарықтарға шығаруда маңызды рөл атқаратын инжиниринг саласында көпжылдық тәжірибесі бар екенін хабарлады.
Қазақстан Республикасында энергетикалық салада жобалау, сатып алу, құрылыс, техникалық қызмет көрсету және жөндеу саласында кең ауқымды қызмет көрсететін «Hadid» компаниясының бас директоры С.Ариффин Қазақстанда 5 жылдан астам табысты жұмыс нәтижелерінде, елде, әсіресе, малайзиялық компанияларға қызықты болатын мұнай-газ саласында үлкен әлеует бар екенін атап өтті. Мұнай қоры бойынша Қазақстан әлемнің топ-15 мемлекетіне кіреді және COVID-19 пандемиясына қарамастан, ел инвесторлар үшін тартымды болып қалуда. Сонымен қатар, Қазақстан бейбіт және қақтығыстардан еркін ел болып табылады және бұл бизнесті жүргізуді жеңілдететін себептердің бірі.