Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасына кіруге арналған «QazETA» электрондық рұқсат жүйесі туралы

Көші-қон жүйесін жетілдіру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына кіру процедураларын жеңілдету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулыға тиісті өзгерістер енгізді. Осы өзгерістерге сәйкес елімізге келуге арналған алдын ала электрондық рұқсатты (QazETA) алу тәртібі бекітілді.

Жаңа цифрлық жүйе шекаралық бақылаудан өту процестерін еліміздің меймандары үшін ашық, қолайлы әрі түсінікті етуге бағытталған.

Рұқсат кімдерге қатысты?  

«QazETA» электрондық рұқсатын ресімдеу талабы Қазақстан Республикасымен визасыз режимі бар 85 мемлекеттің азаматтарына қатысты.

Кезең-кезеңмен енгізу кестесі

Саяхатшылар мен тасымалдаушы компаниялардың жаңа талаптарға бейімделуі үшін жүйені енгізу бірнеше кезеңге бөлінген:

  • 2026 жылғы 1 қарашадан бастап — Ақтау қаласының Халықаралық әуежайында, сондай-ақ «Үрлітөбе» (Павлодар облысы), «Аухатты» (Жамбылская область), «Атамекен» (Түркістан облысы) және «Нұрлы жол» (Жетісу облысы) автомобиль өткізу пункттерінде;
  • 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап — Астана және Алматы қалаларының халықаралық әуежайларында;
  • 2027 жылғы 1 наурыздан бастап — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы қалған барлық өткізу пункттерінде;
  • 2027 жылғы 30 маусымға дейін (Өтпелі кезең) — электрондық рұқсатты ресімдеу ұсынымдық сипатта болады. Бұл кезеңде рұқсаттың болмауы елге кіргізуден бас тартуға әкеп соқпайды — Шекара қызметінің өкілдері түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
  • 2027 жылғы 1 шілдеден бастап — электрондық рұқсаттың болуы міндетті талапқа айналады. Бұл мерзімнен бастап «QazETA» рұқсатының болмауы Қазақстан Республикасының аумағына кіргізуден бас тартуға ресми негіз болып табылады.

Рұқсатты ресімдеу тәртібі мен негізгі шарттары

  1. Бірыңғай портал: Өтініштер тек электрондық түрде qazeta.kz цифрлық платформасы арқылы беріледі.
  2. Өтініш беру мерзімі: Өтінімді жоспарланған кіру күніне дейін кемінде 72 сағат бұрын жіберу қажет.
  3. Ақысыз процедура: Рұқсатты ресімдеу ақысыз негізде (0 теңге) жүргізіледі.
  4. Қолданылу мерзімі: Берілген рұқсат 180 күнтізбелік күн бойы жарамды. Азаматтардың Қазақстанда уақытша болуының рұқсат етілген мерзімдері қолданыстағы көші-қон заңнамасымен реттеледі.
  5. Шекарадағы құжаттар: Шекарадан өту кезінде электрондық өтінімді толтыру кезінде көрсетілген дәл сол паспорт ұсынылады.

Электрондық рұқсаттың болуы заңнаманың стандартты нормаларын жоймайтынына назар аударамыз: шекара органдары «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңының 48-бабында көзделген негіздер бойынша елге кіргізуден бас тарту құқығын сақтайды.

«QazETA» ресімдеуден босатылатын азаматтар санаттары

Заңнамада растайтын құжаттары болған жағдайда рұқсат ресімдеуден босатылатын 29 санаттағы тұлғалар көзделген. Олардың қатарына:

  • Мемлекет, үкімет, халықаралық ұйым басшылары мен олардың отбасы мүшелері;
  • Официалды мемлекеттік және үкіметтік делегациялардың, сондай-ақ парламенттердің мүшелері;
  • Дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері, Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің қызметкерлері;
  • Қолданыстағы ҚР визасы, уақытша тұруға рұқсаты (УТР) немесе тұруға ықтиярхаты (ТЫХ) бар шетел азаматтары;
  • 16 жасқа толмаған балалар мен 65 жастан асқан адамдар;
  • Шекарадан өтпей әуежайлардың транзиттік аймақтарында болатын транзиттік жолаушылар;
  • Әуе, теңіз, өзен кемелерінің, пойыз бригадаларының экипаждары және халықаралық жүк пен жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын жүргізушілер кіреді.

Шетел азаматтары мен халықаралық сапарларға қатысушылардан Қазақстан Республикасына сапарларды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескерулерін сұраймыз.

Дата публикации
21 октября 2026
Дата обновления
21 октября 2026
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Қазақстан Республикасына кіруге арналған «QazETA» электрондық рұқсат жүйесі туралы
31 июля 2026
МАЛАЙЗИЯДАҒЫ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ТІЛ КУРСТАРЫНДА ОҚУ ТУРАЛЫ
21 апреля 2026
Малайзиядағы қазақ диаспорасы және студенттік қауымдастықтың байланыс деректері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары