Ішкі істер министрлігі Халықаралық көші-қон ұйымының / БҰҰ Көші-қон агенттігінің қолдауымен адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілер үшін (полиция, мемлекеттік еңбек инспекциясы, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру органдары, дипломатиялық өкілдер, шекара қызметі, туризм субъектілері, жұмыспен қамту жеке агенттіктері) Стандартты операциялық рәсімдер әзірледі.
Осыған байланысты, «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» Заң мен Адам саудасына байланысты қылмыстың профилактикасы, оның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi 2024 – 2026 жылдарға арналған іс-шаралар Үкімет жоспарын іске асыру аясында көрсетілген материалдарды ведомствоаралық ынтымақтастықты, алдын алу, сондай-ақ адам саудасының құрбандарын анықтау, қайта бағыттау және көмек көрсетуді қамтамасыз ету үшін жолдаймыз.
Осыған байланысты, «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» Заңын және 2024–2026 жылдарға арналған Адам саудасына байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың жолын кесу және оларға қарсы күрес жөніндегі Үкіметтің іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында, аталған материалдарды профилактиканы қамтамасыз ету, сондай-ақ адам саудасының құрбандарын анықтау, қайта бағыттау және оларға көмек көрсету үшін шетелдегі мекемелердің сайттарында орналастыруды сұраймыз.