Меню

Страницы

Статья

"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету

Қиын жағдай деп келесі жайттарға байланысты туындаған жағдайлар түсініледі:

  • форс-мажорлық ахуалдарға орай пайда болған жағдайлар (еңсерілмейтін күш, яғни осы жағдайлар кезінде төтенше және алдын алуға болмайтын мән-жайлар, оның ішінде болу мемлекетіндегі дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар, төтенше жағдай);
  • Қазақстан Республикасының азаматтарын шет мемлекетке заңсыз әкелу;
  • Қазақстан Республикасына қарсы бағытталған құқыққа қайшы іс-әрекеттер;
  • Қазақстан Республикасының азаматтары шетелде қайтыс болғанда оның медициналық сақтандырудың және (немесе) Қазақстан Республикасының азаматын шақырған адамның немесе ұйымның оның осы мемлекетте болуына, оның ішінде болу мемлекетінде қайтыс болуына байланысты шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерінің бар болған жағдайлар.

Қаржылық көмек көрсету қиын жағдайда қалған Қазақстан Республикасының азаматы ақша қаражатын пайдаланбаған немесе пайдалана алмаған жағдайда осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

   Қаржылық көмек түрлеріне төмендегідей шығыстар жатады:

  • шет мемлекеттен Қазақстан Республикасына дейінгі көлік шығыстарын төлеу (экономкласты әуе билетінің құнынан аспайды);
  • бір жолғы материалдық көмек:
  • тамақтану (Қазақстан Республикасының азаматына күніне 80 (сексен) АҚШ долларына баламалы сомадан аспайды) 3 (үш) тәуліктен артық емес;
  • тұру (күніне 100 (жүз) АҚШ долларына баламалы сомадан аспайды) 3 (үш) тәуліктен артық емес;
  • бірінші қажеттіліктегі заттар болмаған жағдайда оларды сатып алу (280 (екі жүз сексен) АҚШ долларына баламалы сомадан аспайды);
  • жүкті жөнелту, Қазақстан Республикасының қайтыс болған азаматының денесін (қайтыс болғандардың күлі салынған cауыттар мен табыттарды) Қазақстан Республикасына тасымалдау, бальзамдау, мәйітханада денені сақтау, болу мемлекетінде жерлеу немесе кремациялау жөніндегі қызметтерге ақы төлеу.

 

Қаржылық көмек көрсету бойынша өтінішті беру тәртібі:

      Елшілік Қазақстан Республикасының азаматтарынан, олардың туыстарынан немесе заңды өкілдерінен (бұдан әрі – өтініш беруші) жеке басты куәландыратын құжатты көрсете отырып, Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты мекенжайы, болу мемлекетіндегі мекенжайы, қиын жағдайға тап болған мән-жайлары, қаржылық көмек алу қажеттілігін негіздейтін мәліметтер, сондай-ақ шет мемлекетте қиын жағдайға тап болған Қазақстан Республикасының азаматын шақырған жеке тұлғалардың немесе ұйымдардың болу мемлекетінде болуына байланысты шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелері туралы ақпарат (бар болған жағдайда) көрсетілген өтінішті қабылдайды.

      Өтінішке болу мемлекетінің уәкілетті органдары берген және өтініште көрсетілген мән-жайларға қатысы бар құжаттар қоса беріледі.

Шет елдегі мекеме келесі негіздер бойынша қаржылық көмек көрсетуден бас тартады:

  • өтініш берушінің көрінеу жалған мәліметтерді хабарлауы және (немесе) өтініш берушінің Қағидалардың 6-тармағында көзделген қаржылық көмекке жүгіну мән-жайларына қатысы бар құжаттарды ұсынбауы;
  • Қазақстан Республикасы азаматының болу мемлекетінің заңнамасын бұзған себебінен туындаған қиын жағдайды құжатпен растайтын фактілерінің бар болуы;
  • Қазақстан Республикасы азаматының кінәсінен (оның ішінде алкогольдік немесе есірткілік масаң күйінде) болған оқиғалар;
  • Қазақстан Республикасы азаматының эвтаназия немесе суицид салдарынан қайтыс болуы;
  • медициналық сақтандырудың және (немесе) Қазақстан Республикасының азаматын шақырған адамның немесе ұйымның оның осы мемлекетте болуына, оның ішінде болу мемлекетінде қайтыс болуына байланысты шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерінің болуы.

 

  • Өтініш (Қазақстан Республикасы азаматтарының, туыстарының немесе өзге де уәкілетті тұлғалардың өтініштері).
  • Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
  • Болу елінің уәкілетті органдары берген және қиын жағдайдың басталуына байланысты қаржылық көмекке жүгіну мән-жайларына қатысы бар құжаттар.
  • Зорлық-зомбылық, денсаулығының нашарлауы не қайтыс болуы фактісі болған жағдайда, болу елінің медициналық не өзге де уәкілетті мекемесі берген құжаттар.
  • Өтініш түскен сәттен бастап 10 жұмыс күніне дейін

Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:00-дан 12:30-ға дейін.

Дайын құжаттарды беру: сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін.

Мекен-жайы:

8, Jalan Ru, 55000, Kuala Lumpur
(https://www.waze.com/live-map/)

Телефон арқылы хабарласыңыз: +60342526999 және / немесе электрондық пошта: consul_kl@mfa.kz.

Дата публикации
11 июня 2025
Дата обновления
30 января 2026
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Қазақстан Республикасына кіруге арналған «QazETA» электрондық рұқсат жүйесі туралы
31 июля 2026
МАЛАЙЗИЯДАҒЫ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ТІЛ КУРСТАРЫНДА ОҚУ ТУРАЛЫ
21 апреля 2026
Малайзиядағы қазақ диаспорасы және студенттік қауымдастықтың байланыс деректері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары