Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Малайзияға келетін Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалы ақпарат

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

Бұл жадынама ҚР-ның Малайзияға шығатын азаматтарына арналған және шетелдегі саяхат кезінде қиындықтарға ұшырмау үшін жалпы қағидалар мен кеңестерді қамтиды.

Визалық сұрақтар:

  • Малайзияға 30 күнге дейін келетін ҚР азаматтарына виза қажет емес.

Паспорттың жарамдылығы:

  • Паспорттың жарамдылық мерзімі сапар аяқталғаннан кейін кем дегенде 6 айға дейін жарамды болу керек.

Кедендік бақылау:

Медициналық сақтандыру:

  • Медициналық сақтандыру полисін сатып алуы сапар кезінде жазатайым оқиғадан сақтандыруға және сақтандыру жағдайы басталған кезде күтпеген медициналық шығындардан аулақ болуға мүмкіндік береді.

    «Туристі міндетті сақтандыру туралы»

Қалыптасқан тәртіп нормалары:

  • Малайзияда болған кезде, сізге оның заңдары қолданылады және сіз оларды қатаң сақтауға міндеттісіз, елдің заңдарын білмеу жауапкершіліктен босатпайды.
  • Жалпы қабылданған этика мен мораль нормаларын ұстаныңыз, мінез-құлқыңызды айналаңыздағы жағдайға сәйкес түзетіңіз, жергілікті әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді құрметтеңіз.
  • Шет тілінің негізгі сөздері мен тіркестерін білу елде болуыңызды жеңілдетеді және жергілікті халық тарапынан қошеметпен қабылданады.
  • Ел туралы қосымша ақпаратпен танысыңыз: саяси жағдайы, климаттық ерекшеліктері, заңдары мен ұлттық дәстүрлері, қоғамдық және басқа да орындардағы мінез-құлық ерекшеліктері.

Пайдалы ақпарат:

Паспорттық бақылау өткен кезінде осы құжаттарды көрсету қажет:

  1. Паспорт
  2. «MDAC» электронды көші-қон картасы (Малайзияға кіруге дейін ең көбі 3 күн бұрын немесе әуежайға келгеннен кейін осы сілтеме арқылы толтырылуы мүмкін). Малайзияда тұрақты тұруға рұқсаты бар (Malaysia Permanent Residence) қазақстандықтар көші-қон картасын толтырудың қажеті жоқ.  

Шекарадан өткен кезде Малайзияның көші-қон қызметтері келесі құжаттарды талап етуі мүмкін:

    1. Қайту билеті
    2. Қонақ үйдің броні
    3. Малайзияда болуға жеткілікті қаражаттының болуы

Малайзияда келесі қазақстандық ұйымдар бар:

  1. Kazakhstan Community in Malaysia
  2. Qazaq Students Community 

Шетелге оқуға, жұмысқа немесе тұрақты тұруға барған жағдайда

  • Құжаттарыңызды алдын ала заңдастыру немесе апостиль қою керек. Бұл, ең алдымен, білім туралы құжаттарға, АХАТ органдары берген куәліктерге, мүліктік қатынастарға және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелеріне қатысты құжаттарға қатысты.

Консулдық есеп туралы:

  • Оқу, жұмыс немесе тұрақты тұру мақсатында шет мемлекетке келген қазақстандық азаматтарға жақын жердегі қазақстандық дипломатиялық өкілдікте немесе консулдық мекемеде консулдық есепке тұру ұсынылады.
  • Консулдық есепке қою Қазақстанға бармай-ақ көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді (сайлау мен референдумдарға қатысу, паспортты ресімдеу, азаматтық хал актілерін тіркеу және т.б.), сондай-ақ болу мемлекетінде әскери іс-қимылдар, жаппай тәртіпсіздіктер, дүлей зілзалалар туындаған жағдайда сіздің эвакуацияңызды жеңілдетеді.

Құқық қорғау органдарымен ұсталған жағдайда сіздің іс-әрекетіңіз:

  • Күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда (жергілікті құқық қорғау органдарының ұстауы, басқа адамдар тарапынан қорқыту, жол-көлік оқиғалары және т.б.) Сіз болу мемлекетінде қазақстандық консулдық мекеменің қызметкерімен кездесуді талап етуге құқығыңыз бар.
  • ҚР консулдық мекемесінің қызметкерлері болмаған кезде шет тілінде қандай да бір Хаттамаларға және өзге де құжаттарға қол қоймаңыз.

Сізге сәтті сапар тілейміз!

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Студенттер үшін пайдалы мәліметтер
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары