
31 қазан 1971 жылы дүниеге келген.
1996 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (МГИМО) бітірген.
1996-2004 жж. – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінде атташе, үшінші хатшы, екінші хатшы, бірінші хатшы қызметтерін атқарды.
2004-2006 жж. – Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы.
2006-2008 жж. – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары.
2008-2009 жж. – «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты басшысының орынбасары.
2010-2011 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы аппаратының басшысы.
2011-2013 жж. – Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің жауапты хатшысы.
2013-2017 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары, бірінші орынбасары.
2017-2019 жж. – Ақмола облысының әкімі.
2019-2022 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.
Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалғанға дейін 2022 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарды.
«Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері.
Ағылшын және урду тілдерін меңгерген.