
Кишинев, 2024 жылғы 24 қыркүйек – Қазақстанның Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбеков Молдова Республикасы Парламентінің Төрағасы Игорь Гросумен кездесті.
Қазақ дипломаты сұхбаттасын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелері туралы хабардар етті. Экономиканың одан әрі өсуін қамтамасыз етуге, инвестициялар тартуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған міндеттерге баса назар аударылды. А.Айдарбековтың айтуынша, стратегиялық мақсат 2029 жылға қарай елдің жалпы ішкі өнімін 450 млрд.долл. жеткізу болып табылады.
Сондай-ақ, Қазақстан Елшісі Парламент спикерін Мемлекет басшысының Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы» мақаласының негізгі аспектілерімен таныстырып, Астананың өңір елдерінің түрлі салалардағы кооперациясының жай-күйі мен болашағына қатысты Астананың тұжырымдамалық көзқарасы туралы айтып берді
Сонымен қатар, екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасу өтті.
И.Гросу Астанада Молдова Елшілігін ашу жөніндегі Кишинев шешімінің маңыздылығын атап өтіп бұл қадам саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Молдова қатынастарына одан әрі серпін береді деген үмітін білдірді. Осы тұрғыда спикер осы жылдың қыркүйек айының соңында молдовалық Бельц қаласында Қазақстанның Құрметті консулдығының ашылуын да құптады.
Бірлескен инвестициялық жобаларды ұлғайтуға өзара қызығушылық білдірілді. Сәтті мысалдардың қатарында тараптар Молдова темір жолдарының «Тигина-Бессарабяска-Джурджулешт» учаскесінінің қазақстандық тарап жүзеге асырып жатқан жаңғыртуын атап өтті.
Екіжақты байланыстарға қосымша серпін беру үшін сұхбаттастар 2025 жылы жоспарланған Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысына мазмұнды дайындық қажеттігіне назар аударды
Кездесу барысында халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелер де сөз болды