Молдова Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Қазақстан Президентінің Жолдауымен танысты

Молдова Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Қазақстан Президентінің Жолдауымен танысты

Кишинев, 2024 жылғы 10 қыркүйек – Қазақстан Елшісі Алмат Айдарбеков Молдова Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Михаил Попшоймен кездесті.
Қазақстандық дипломат Молдова дипломатиясының басшысын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелері туралы хабардар етті. Мемлекет басшысы орнықты әлеуметтік-экономикалық даму және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту бойынша алға қойған міндеттеріне ерекше назар аударылды.
Алмат Айдарбеков осы жылдың 6 қазанында елімізде кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың үлгісі болмақ Атом электр станциясын салу мәселесі бойынша өтетін референдумның маңыздылығын атап өтті.
Сонымен, қатар, кездесу барысында тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, сондай-ақ көпжақты құрылымдар аясындағы өзара іс-қимылды талқылады.
Өз кезегінде Министр М.Попшой екіжақты қатынастардың жоғары деңгейін және Кишиневтің оларды одан әрі дамытуға деген ниетін атап өтті. Осы тұрғыда Қазақстанмен және жалпы Орталық Азия елдерімен байланыстарды нығайтуға септігін тигізетін Астанада Елшілік ашудың маңыздылығын растады.