
Кишинев, 2024 жылғы 22 ақпан – Қазақстанның Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбековтың Молдова Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Адриан Бэлуцел кездесуі өтті.
Елші Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық, саяси және экономикалық реформалар туралы хабардар етті.
Өз кезегінде А.Бэлуцэл Молдовада Еуроодаққа қосылуы аясында биылғы жылы жоспарланған маңызды саяси-іс шаралар туралы баяндады.
Кездесу барысында түрлі салалардағы Қазақстан-Молдова қарым-қатынастарының қазіргі жағдайы мен болашағы туралы сындарлы пікір алмасу болды. Сондай-ақ өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша оң динамика атап өтілді.
Сұхбатшылар Қазақстан мен Молдова арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдету және кеңейту үшін айтарлықтай әлеуеттің бар екенін атап өтті.