Қазақстан Елшісі Молдова Парламенті Төрағасының орынбасарымен кездесті

Қазақстан Елшісі Молдова Парламенті Төрағасының орынбасарымен кездесті

Кишинев, 2024 жылғы 19 ақпан – Қазақстан Елшісі Алмат Айдарбеков Молдова Республикасы Парламенті Төрағасының жаңадан тағайындалған орынбасары Дойна Германмен кездесті.

А.Айдарбеков Д.Германды жаңа лауазымға тағайындалуымен құттықтап, қызметіне табыс тіледі.

Өз кезегінде, Вице-спикер алғыс айта отырып, Қазақстан-Молдова қатынастарының жоғарғы деңгейін атап өтті. Әсіресе, ол парламентаралық бағыттағы өзара іс-қимылдың маңыздылығына ерекше назар аударды. Сонымен бірге, Д.Герман Молдованың Еуропалық Одаққа кіру бойынша келіссөздер үдерісінің негізгі аспектілері туралы хабардар етті.

Кездесу барысында қазақстандық дипломат еліміздің қоғамдық-саяси және экономикалық дамуындағы соңғы оқиғалар туралы айтып берді. Мемлекет басшысы ү.ж. 7 ақпанда Үкіметтің жаңартылған құрамының кеңейтілген отырысы барысында қойған жаңа міндеттерге ерекше назар аударылды.

Кездесудің соңында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың барлық спектрі бойынша ықпалдастықты белсендіруге өзара қызығушылықтарын растады.