
Кишинев, 2024 жылғы 12 ақпан – Қазақстан Елшісі Алмат Айдарбеков Молдова Премьер-Министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Михаил Попшоймен кездесті.
Сұхбат барысында Қазақстан Елшісі Министрді жоғары лауазымға тағайындалуымен құттықтап, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министріні М.Нұртілеудің атынан құттықтау хатын тапсырды.
Тараптар екіжақты қатынастардың жай-күйі мен болашағын талқылап, өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша оңтайлы динамиканы атап өтті. Сонымен бірге, қазақстандық дипломат Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық, саяси және экономикалық салалардағы негізгі өзгерістермен таныстырды.
Өз кезегінде Министр елдің Еуропалық даму векторымен бірге Азия бағыты, оның ішінде Қазақстан да маңызды әрі басым болып табылатынын айтты. Қазақстанда дипломатиялық өкілдіктің ашылуы және екіжақты ынтымақтастықты тереңдету мәселелеріне ерекше маңыз беріледі.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара іс-қимылды кеңейтуге күш салу дайындығын білдіріп, жұмыс байланыстарын жалғастыруға уағдаласты.