Молдова Республикасы Парламентінде кездесу өтті

Молдова Республикасы Парламентінде кездесу өтті

Кишинев, 2024 жылғы 8 ақпан – Қазақстанның Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбековтың Молдова Республикасы Парламентінің Төрағасы Игорь Гросумен кездесуі өтті.

Әңгімелесу барысында Елші ҚР Үкіметінің құрамын жаңарту және Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті айқындаған әлеуметтік-экономикалық реформалар тұрғысында едегі ағымдағы саяси ахуал туралы хабардар етті.

Сондай-ақ, Парламент Төрағасы Мемлекет басшысының ағымдағы жылдың 3 қаңтарында «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатының негізгі аспектілерімен танысты.

Өз кезегінде И.Гросу ҚР-да жүргізіліп жатқан реформаларға қызығушылық танытып, қолдау білдірді. Ол сондай-ақ ЕО-ға кіру бойынша келіссөздер үдерісі аясында Молдова заңнамасын Еуропалық Одақтың реттеуші стандарттарымен үйлестіру бойынша жүргізіліп жатқан процестер туралы айтты.

Парламент Төрағасы Молдова тарапының Қазақстанмен екіжақты қарым-қатынастардың барлық спектрі бойынша, атап айтқанда, парламентаралық бағыт бойынша өзара іс-қимылды жандандыруға мүдделі екенін білдірді.