
Кишинев, 2024 жылғы 7 ақпан – Қазақстанның Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбековтың МР ІІМ Шекара Полициясы Бас Инспекторатының бастығы Руслан Галушкамен кездесуі өтті.
Сұхбат барысында ҚР Елшісі екіжақты өзара іс-қимылдың жай-күйі мен болашағы, барлық спектрі бойынша оңтайлы динамикасы туралы хабардар етті. Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық, саяси және экономикалық салалардағы негізгі өзгерістермен таныстырды.
Өз кезегінде Р.Галушка Шекара Полициясы Бас Инспекторатының қызметі мен құрылымы туралы айтып, ынтымақтастықты тереңдету мақсатында Қазақстандағы әріптестерімен байланыстарын одан әрі дамытуға дайындығын растады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жұмыс байланыстарын жалғастыруға уағдаласты.