Кишинев, 2024 жылғы 06 ақпан – Қазақстанның Елшісі Алмат Айдарбеков Молдова Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнеркәсібі министрі, Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Молдова үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Владимир Болямен кездесті.
Кездесу басында Премьер-Министрдің орынбасары өз ведомствосының қызметі мен одан әрі даму перспективалары туралы айтып берді.
Әңгіме барысында тараптар екіжақты, оның ішінде ауыл шаруашылығы саласындағы өзара іс-қимылды жандандыру мәселелерін талқылады. Бұл ретте сұхбаттасушылар су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және ирригация, сондай-ақ тұқым материалын өндіру саласындағы ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.
Сондай-ақ, Астанада Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысын өткізуге дайындық мәселелері пысықталды.
Сонымен қатар, тараптар кең ауқымды бағыттарда екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдету және кеңейту үшін айтарлықтай әлеуеттің бар екенін атап өтті.