Молдова Ішкі істер министрлігінің Карабинерлер Бас Инспекторатында кездесу өтті

Молдова Ішкі істер министрлігінің Карабинерлер Бас Инспекторатында кездесу өтті

2023 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстанның Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбековтың МР ІІМ Карабинерлер Бас Инспекторатының Басқолбасшысының міндетін атқарушы – полковник Думитру Скуртумен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Елші А.Айдарбеков екіжақты өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықтың барлық спектрі бойынша оңтайлы динамикасы туралы хабардар етті. Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық, саяси және экономикалық салалардағы негізгі өзгерістермен таныстырды.

Өз кезегінде, Д.Скурту Карабинерлер Бас Инспекторатының қызметі мен құрылымы туралы айтып, болу елінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі дайындығы мен қолдауын атап өтті. Екі елдің тиісті құрылымдары арасында тәжірибе алмасу мәселесін қарастыруға қызығушылық білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастықтың барлық мәселелері бойынша жұмыс байланыстарын қолдауға келісті.