
Кишинев, 2023 жылғы 15 желтоқсан – Қазақстан Елшілігі Молдова Ұлттық кітапханасы және Ұлттық мұрағат агенттігімен бірлесіп Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай мәдени-танымдық іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шараға Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, іскер және академиялық топтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Қатысушылардың алдында сөз сөйлеген Қазақстан Елшісі Алмат Айдарбеков Тәуелсіздік күнінің тарихи маңызы, сондай-ақ еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамудағы жетістіктері туралы айтып берді.
Ұлттық кітапхананың директоры Елена Пинтелей және осы мекеме қызметкерлері қонақтарды Молдованың ұлттық мұрағаттарында сақталған Қазақстан-Молдова қатынастары тарихының жекелеген кезеңдері туралы баяндайтын бірқатар құжаттармен таныстырды.
Осы іс-шара аясында жергілікті қауымдастық өкілдері қазақстандық табиғаттың ең қызықты және көркем бұрыштары ұсынылған фотокөрмені тамашалай алды.
Сондай-ақ, іс-шараға қатысушылар Молдова Ұлттық кітапханасына сыйқа берілген қазақ классикалық және заманауи әдебиетінің кең коллекциясымен, еліміздің тарихы, өнері мен мәдениеті туралы кітаптармен танысты.