Қазақстан Елшісі Молдованың Ішкі істер министрлігінің Полиция Бас Инспекторатының қызметкеріне медальді табыстады

Қазақстан Елшісі Молдованың Ішкі істер министрлігінің  Полиция Бас Инспекторатының қызметкеріне медальді табыстады

2023 жылғы 15 қарашада Қазақстанның Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбеков Молдова Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткіге қарсы күрес басқармасының басшысы Кук Русланға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалін табыс етті.

Анықтама: 2023 жылдың наурыз айында МР ІІМ БПИ Есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен біріккен арнайы операция салдарынан синтетикалық есірткі өндірумен және өткізумен айналысатын трансұлттық қылмыстық топтың қызметі жойылды (80 тонна прекурсорлар, 200 кг. мефедрон тәркіленді). Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі №505 т/ж бұйрығымен МР ІІМ БПИ Есірткіге қарсы күрес басқармасының бастығы Куку Руслан Васильевич «құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» ҚР ІІМ медалімен марапатталды.

Марапаттау рәсіміне МР ІІМ Бас полиция инспектораты бастығының орынбасары Лилиан Карабец, Ұлттық тергеу инспекторатының бастығы Аркадие Катлабуга, сондай-ақ онлайн режимінде ҚР ІІМ Есірткіге қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы полиция-полковнигі Хаджи-Гали Имажанов қатысты.

Кездесу барысында Елші А.Айдарбеков сұхбаттасушыларды екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша оңтайлы динамикасы туралы хабардар етіп, оны кеңейту мәселелерін талқылады.

Қазақстандық дипломат Елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық, саяси және экономикалық реформалар туралы негізгі қағидаттарын атап өтті.

Л.Карабец өзінің қызметкеріне медаль тапсырғаны үшін қазақстандық тарапқа алғысын білдіре отырып, аймақтық және халықаралық деңгейде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресті жалғастырудың маңыздылығына назар аударды. Молдова тарапының қылмысқа қарсы күрес саласындағы екіжақты қатынастарды тереңдетуге деген ұмтылысы атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастық бойынша тәжірибе алмасу үшін жұмыс байланыстарын сақтауға келісті.