
Кишинев, 2023 жылғы 25 қазан – Кишиневте Республика күнін мерекелеуге орай Қазақстан Елшілігінің ұйымдастыруымен салтанатты қабылдау өтті.
Іс-шараға Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, министрліктер мен ведомстволардың, дипломатиялық корпустың, сондай-ақ Молдованың іскер және академиялық топтарының өкілдері қатысты.
Кештің ашылуында Елші Алмат Айдарбеков Республика күнінің тарихи маңыздылығын, сондай-ақ әртүрлі салалардағы Қазақстан-Молдова қатынастарын одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Молдованың Энергетика министрі Виктор Парликов өзінің құттықтау сөзінде Астана мен Кишинев арасындағы қатынастардың екіжақты форматта да, халықаралық ұйымдар шеңберінде де одан әрі үдемелі дамуына үміт білдірді.
Молдова жұртшылығына қазақтың музыкасымен және қазақ халық аспаптарының алуан түрлілігімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берген белгілі қазақстандық «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің өнері қатысушылардың шынайы қызығушылығын тудырды.